Мақсаты:
—«Күзгі бал!» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, оқушыларды күз-байлық, күз-береке, күз- молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу.
—Оқушылардың шығармашылығын дамыту, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылған іс-шараға мектеп әкімшілігі,ата-аналар ,сынып жетекшілер қатысты.
Әрбір сынып оқушылары өздерінің өнерлерін ортаға салды, әдемі киініп сән үлгілері мен күзгі байлықтарын көрсетті.Күзгі бал өте қызықты және есте қаларлықтай күйде өтті.
Іс-шараға өз шығармашылығымен белсене қатысқан үшін сынып оқушылары Мадақ тамамен марапатталды.