7 наурыз күні №3 Смирнов орта мектебінің оқушыларымен, аудандық мәдениет үйінің этноорталығы « Келісім» мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.Мақсаты: қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ.Қайырлы болсын айту. Бала туғанда, келін түсіргенде, тағы да басқа үлкен қуаныштарға ие болғанында туған-туыстары, көрші көлемі келіп «қайырлы болсын!» деп құттықтайды. Ол – қазақтың қуанышты бірге бөлісетін ізгі салты. Адамдар «қайырлы болсын!» айтпағандарға ренжиді де.Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл-көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі.Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім», «еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына әзілдеп, бойлары тапал болса, «сұңғақтым», жайбасар болса, «жүйрігім» деп те ат қояды.


