#Аққайыңнаурыз. #Ақнаурыз. #Қамқорлықкүні. #Наурызнама2025 #біртұтас_тәрбие

15 наурыз — Қамқорлық күні 15.03.2025ж. Қайырымдылық күні — адамдарды бір-біріне көмек көрсетуге, жақсылық жасауға және өзара қолдау көрсетуге ынталандыратын ерекше күн. Бұл күннің мақсаты — қайырымдылық іс-әрекеттерін насихаттау, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ қоғамда адамгершілік, мейірімділік және адам құндылықтарына деген құрметті қалыптастыру. Қайырымдылық күні ерекше көңіл-күй мен қуанышпен өткізілді. Мерекеге қатысушылардың басты мақсаты – бір-біріне қол ұшын созып, қоғамның әлсіз топтарына көмектесу. Бұл күні ұйымдастырылған іс-шаралар арқылы адамдардың қайырымдылық жасауға деген ынтасы арттырылды. Осыған орай №3 Смирнов орта мектеп әкімшілілігінің ұйымдастыруымен. Мектебіміздің музыка пәні мұ,ғалімі Жангазина А.А. және аға жетекшілер Жакупова С.Ж мен Хамзина Р.Қ және мектебіміздің бір топ өнерлі оқушылары бірігіп, ауданымыздағы ҚАРТТАР үйіне қонцерт қойды. Іс-шара басында көрермендерге бауырсақ таратылды. Бір сағатқа созылған концерт барысында көркрмендер ән мен би, қос шекті домбыра үнімен тамылжыта орындалған әдемі күйлердің дауысы жақсы көңіл күй сыйлады. Көрермендердің көңілдері көтеріліп, соңында өнерпаздарға шығармашылық табыстар тіледі.

Источник дополнительной информации