№3 Смирново орта мектебінде 26 желтоқсан күні 1 сынып оқушылары арасында «Қош бол,сүйікті Әліппем» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Оқушылар әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Оқу тілін дамытып,сөздік қорын молайту. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру.
Оқушылар алған білімдерін ортаға салды. Әліппеге рахмет айтып,тақпақтарын,әндерін,билерін арнады. Әліппе оқулығын шығарып салып, Ана тілі оқулығымен танысты. Мектеп директоры оқушыларға әліппе оқулығын аяқтағаны үшін диплом табыстады.