Бүгін №1 Смирново орта мектебінде «Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі мүмкіндіктер мен негізгі бағыттар» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға облыстың түкпір- түкпіренен мектеп көшбасшылары мен тәлімгерлері атсалысты. Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Паули Э.С, облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияның хатшысы Ережепова Е.Ф, бала отбасы және әйелдер құқықтары жөніндегі уәкіл Сураганова С.К, Аққайың ауданының білім бөлімінің басшысы Исин Р.А, қатысты. Осы отырысқа біздің мектептің адал ұрпақ клуб мүшелері белсенділік танытты. 6 «а» сынып оқушысы Гайсина Эльнара клубтың атқарған жұмыстары жайында баяндады. Семинар соңында мектебіміздің балалар өкілі Данебаева Ұлзат сөз сөйлеп ұйымдастырушыларына алғыс білдірді