Аққайың ауданы «Смирнов №3 орта мектебі» КММ
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы бойынша ақпарат
Мектебімізде Рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасымен бекітілген 2016 жылдан бастап «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылып, қазіргі таңда өз жұмысын жалғастыруда.
Клубтың мақсаты: өсіп келе жатқан өрендердің бойына адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Рухани адамгершілік және азаматтық — патриоттық сезімін тәрбиелеу. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Мектебіміздің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубына 5-11 сыныптар аралығында 166 окушы еңгізілген.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клуб жанында 3 секция жұмыс істейді.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқаулары мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады.
- Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Мектебімізде «Парасатты азамат» бұрышы жасалынды.
Мақсаты: оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне кұрметті, адамгершілік сезімдерге, еңбексүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Мектебімізде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне байланысты іс-шаралар жоспары құрылып, ұстаздар ұжымы мен оқушыларға арналып өткізілді.
«Күшіне сенбе –адал ісіне сен»атты 1- 11 сыныптарға біріңғай сынып сағаттары өткізілді. 5-8 сыныптарға «Ісіңе адал бол!» атты тәрбие сағаттары уйымдастырылды. 2-4 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ » тақырыбына театрланған көрініс байқауы өткізілді. «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Адал және сатылмайтын еңбек» 10 -11 сыныптар арасында дөңгелек үстелдер өткізілді. Мектеп окушылары «Сыбайлас Жемқорлыққа жол жоқ!» атты сурет, шығарма, бейнероликтер жасау байкауларына катысып, жүлделі орындарга ие болды.
Мектеп фойесінде окушыларга «Адалдық алаңы» акциясы ұйымдастырылды.
Мектеп кітапханасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына стенд әзірленді.
Ұстаздар ұжымына «Parasyz Soltústik Qazaqstan»» , «Адал мекен – Парасыз туған ел!» атты Қызылжар адалдық алаңы акциялары ұйымдастырылды.
« Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері тек тәрбие мен білім алуымен шектеліп қана қоймай адал еңбекқорлыққа, ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйреніп келеді. Мектеп жасындағы балаларды «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмысына белсенді тартуы еліміздің жарқын болашағына қосқан үлесі деп білеміз.