2022-2023 оқу жылына арналған

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №3 Смирново орта мектеп оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жөніндегі

ЖОСПАР

Жобаның мақсаты: оқу мәртебесін, оқырман белсенділігін арттыру және оқу сапасын жақсарту, балалар мен жастардың мәдени және оқырман құзыреттілігін дамыту, өскелең ұрпақтың бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру

Іс-шараның атауыӨткізу мерзімдеріҚайда өткізіледіҚатысушы-лар
1«Өзің оқыдың-басқаға бер» ұранымен: «Әлемді кітапханаға айналдырамыз»  (ашық,  қолжетімді оқырман алаңы) BOOKCROSSING бұрышын құру (кітап алмасу)үнеміфойе1-11 сынып
2Меценаттар мен ата-аналарды тарта отырып, «Мектепке кітап сыйла» акциясы. «Кітапқұмар отбасының баласымын!» Қыркүйек -қазанкітапханаАта-аналар
3Қазақ ақыны, әдебиеттанушы ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл; көрме- әңгімеқыркүйеккітапхана5-11 сынып
4Мұхтар Әуезов  (28 қыркүйек 1897-1961) -125 жылқыркүйеккітапхана   1-11 сынып
5Библиотека-окно в мир (бейнеролик)қазанкітапхана   1-11 сынып
6Мәңгілік жаса, қыран елім-Қазақстанқазанкітапхана5 сынып
7Ұлттық теңге- мақтанышымыз  қарашакітапхана   7 сынып
8Ғабиден Мұстафин (29 қараша 1902-1985) -120 жыл  қарашакітапхана   1-11 сынып
9Ақселеу Сейдімбек ( 12 желтоқсан 1942 — 2009 ) Этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері         – 80 жылжелтоқсанкітапхана5-9 сынып
10Әзілхан Нұршайықов (15.12. 1922 ж. -2011) — 100 жыл  желтоқсанкітапхана9-11 сынып
11Дулат Исабеков (1942 ж. 20.12.) — 80 жыл  желтоқсанкітапхана5-11 сынып
12Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні. «Мен батыр боламын!» іс-шара, көрмеқаңтарСалтанат залы1-4 сынып
13Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні. Көрме- әңгімеақпанкітапхана5-11 сынып
14Алғыс айту күні, іс-шаранаурызМектеп фойесі1-11сынып
15«Сыйынар ем Ана деген тәңірге»іс-шара, көрме « Батыр қыздары»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
наурызСалтанат залы, кітапхана1-11 сынып
16«Кош келдің Әз- Наурыз!» кофе – брейк, көрменаурызкітапхана   1-11 сынып
17Балалар кітабы күніне арналған  іс-шаралар «Ертегілер әлемінде»Сәуіркітапхана1-4 сынып
18«Менің сүйікті кейіпкерім» сұрақ-жауапсәуіркітапхана5-9 сынып
19«Қыз Жібек» эпосы, дауыстап оқу, қойылым.сәуірСалтанат залы8-11 сынып
20Ұлы Жеңіс күніне арналған көрме, іс-шарамамырсалтанат залы1-11 сынып  



Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына және тіл күніне орай №3 Смирново орта мектебінің кітапханасында «Ұлы ұстаз» атты көрме ұйымдастырылды. Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны және оның шығармалары, аудармалары туралы әңгіме өткізілді.

                   Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл

         №3 Смирново орта мектебінің кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мұхтар Әуезовтің төлмерекесінің аясында жазушының шығармалары бойынша 5 сынып оқушыларымен әңгіме- саяхат өткізілді.

«Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы — Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма.

Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған.

Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады.

Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі. Табиғат дегеніміз айналадағы қоршаған орта.

Табиғаттың тыныштығын бұзбау керек. Табиғаттағы барлық нәрселер өзіне жарасымды болып тұрады. Бірақ «Көксерек» әңгімесінде адамдар табиғатқа қиянат жасайды. Қасқыр да осы табиғаттың бір бөлшегі. Егер де біз осы табиғаттағы аң – құстарға қиянат жасасақ, табиғатқа көрік беріп тұрған барлық әсем нәрселерімізден айырыламыз.


МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ  — ҚАЗАҚСТАНЫМ
Мақсаты:
— Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
— Елінің Туын, Елтаңбасын, Гимннің  қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

  • Ұлттық теңге – мақтанышымыз
  • Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын оқушыларымызды елжандыққа тәрбиелеу.
  • Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Төл теңгенің тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

  Ғабиден Мұстафин – 120 жыл

№3 Смирново орта мектебінің кітапханасында «Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл» тақырыбы бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды және презентация дайындалды.  Дархан даланың дүлділі Ғабиден Мұстафин — әдеби шығармаларымен қазақ әдебиетінің проза жанрын дамытқан көрнекті қазақ жазушысы.

 Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды атырабында Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген жерде шағын дәулетті отбасында дүниеге келген. Жасында ауыл молдасынан оқып хат таныған болашақ жазушының адамшылық, имандылық тәрбиесіне әділдігімен, шариғат жолына тазалығымен аймағына беделді болған әкесі Мұстафа қажының ықпалы зор болған. Мұстафиннің орысша оқуы Спасск зауытындағы орыс-қазақ мектебінен бірер жыл сабақ алуымен шектелген. 1918 – 1925 жылдары әр түрлі әкімшілік қызметтер атқара жүріп, өмір «мектебінен» көп сабақ алған Ғ.Мұстафиннің «Сәрсен мен Боқаш» деген алғашқы тырнақалды әңгімесі 1927 жылы «Жыл құсы» альманағында жарияланған және осы жылы «Ер Шойын және басқалар» атты тұңғыш жинағы жарыққа шыққан. Өзінің қаламгерлік қайратын әңгіме жанрынан бастаған Ғ.Мұстафиннің «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Құлаған құз», «Керуен», «Қашқын», «Қан» деген әңгімелері, «Айғақ» атты шағын пьесасы бар. Алғашқы романы 1941 жылы «Өмір не өлім» деген атпен жарыққа шыққан. Жазушының «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін», «Көзкөрген» атты көлемді шығармалары қазақ әдебиетінің роман жанрына қосылған бай мұра қатарына жатады. Ғ.Мұстафиннің дерекке негізделіп, нанымды бейнелер жасаған, тары өсіруден бірнеше рет дүниежүзілік рекорд жасаған диқан ата Шығанақ Берсиев өмірін шынайы реалистік сипатпен суреттеген «Шығанақ» романы 1945 жылы жарыққа шыққан.

Ақселеу Сейдімбек – 80 жыл

№3 Смирново орта мектебінің кітапханасында Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің төл мерекесіне орай «Ақселеу әлемі» атты көрме ұйымдастырылды. 

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (12 желтоқсан 1942Атасу ауылы, Жаңаарқа ауданыҚарағанды облысы — 16 қыркүйек 2009 жылАстана)- жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).

Әкесі Слан Екінші дүниежүзілік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.

Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл

«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында Әзілхан Нұршайықовтың   100 жылдығына орай «Ұлдарға өсиет, қыздарға кеңес» тақырыбында 9 сынып оқушыларына  арналған екі сөзі негізінде пікіралмасу өткізілді және кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты:

  Ә.Нұршайықовтың  өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі  өмір жолы мен шығармашылық мұраларының  өміршеңдігін ұғындыру.

 Оқушылардың эстетикалық сезімін  ояту, көркем сөз оқу шеберліктерін  арттыру.

 Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек  тануға, оны сүюге, қадірлей білуге  дағыландыру.

Источник дополнительной информации