«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры
______Т.С. Рамазанов
Құқық бұзушылықтың алдын алу
кеңесі туралы ереже
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі — құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы болмыстардың алдын алу мәселелеріндегі мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында құрылатын, үздіксіз әрекет ететін үйлестіруші орган.
2. Кеңес іс-әрекетінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Заңы, бала құқықтары туралы Конвенция, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері және осы ереже болып табылады.
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу
кеңесін құру және құрылымы
3. Мектепішілік кеңесті құру туралы, кеңестің персоналдық құрамы мектеп директорымен бекітіледі.
4. Кеңестің төрайымы мектеп директоры.
5. Кеңестің тұрақты мүшелері: директордың оқу ісі меңгерушісі, директордың тәрбие ісі меңгерушісі, мектеп психологы, мектеп инспекторы және ата-аналар комитетінің мүшесі.
Кеңестің хатшысы — әлеуметтік ұстаз болып табылады.
3. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің
міндеттері:
6. Мектепішілік, ОДН есебінде тұрған кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру.
7.Жасөспірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.
8. Құқық бұзушылықтың, темекі шегудің және алкоголизмнің алдын алу мақсатында мектеп оқушылары арасында іс-шаралар ұйымдастыру.
9. Жасөспірімнің оқу мен тәрбиесіне байланысты мәселелерді шешу үшін отбасыларына көмек көрсету.
10. Жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан оқушылармен жұмысты ұйымдастыру.
11. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау.
12. 9- сынып оқушыларының болашақтарын анықтауына көмек көрсету.
13. Жасөспірімнің әлеуметтік өміріне байланысты туындаған мәселелерге жауапты мемлекеттік, қоғамдық мекемелермен байланысты дамыту және толық жетілдіру.
14. Құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдерді спорттық секцияларға, үйірмелерге тарту.
15. Кеңес өз жұмысын құқық қорғау органдарымен тығыз байланыста жүргізеді.
6. Құқық бұзушылықтың алдын алу
кеңестің жұмысын ұйымдастыру
16. Кеңес өз іс-әрекетін жұмыс отырыстары үлгілерінде тиісті деңгейдегі мектеп директоры бекіткен жыл сайынғы жоспарларының негізінде жүзеге асырады. Мектепішілік кеңестің отырысы айына бір рет өткізіледі.
17. Кеңестің хатшысы, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесін қалыптастырады, хаттама жазады, қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы есеп дайындайды.