Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы.

      Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жәбірленуші — өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;

      1-1) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – осы Заңға сәйкес жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік кызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      2) отбасы-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар;

      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық — отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі);

      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      5) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері — тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-бап. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы:

      1) заңдылық;

      2) адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері сақталуына кепілдік беру;

      3) адамның және азаматтың дене зардабын және (немесе) психикалық зардап шегуіне жол бермеу;

      4) отбасын қолдау және сақтау;

      5) құпиялылық;

      6) өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен және азаматпен жеке жұмыс жүргізу;

      7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;

      8) кешенділік және жүйелілік принциптеріне негізделеді.

4-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері

      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

      2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы — дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

      3. Психологиялық зорлық-зомбылық — адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

      4. Сексуалдық зорлық-зомбылық — адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

      5. Экономикалық зорлық-зомбылық — адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер

      1. Заңда белгіленген тәртіппен өмірлік қиын жағдайда жүрген адам деп танылған жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.

      3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртібі, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында айқындалады.

2-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ
ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

      2) алып тасталды — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

      1. Жергілікті өкілді органдар:

      1) алып тасталды — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) жергілікті бюджеттердің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына арналған шығыс бөлігін бекітеді және оның орындалуын бақылайды;

      3) азаматтардың және ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі.

      2. Жергілікті атқарушы органдар:

      1) алып тасталды — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) жергілікті деңгейде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;

      3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      4) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтайды және оларды есепке алуды жүргізеді;

      5) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастырады;

      6) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылу қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді.

      Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар

      Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар:

      1) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      2) жергілікті атқарушы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

      3) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және жәбірленушілерді оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

9-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың құзыреті

      Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар:

      1) кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      2) алып тасталды — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

      4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдармен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмағандарды оңалту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді.

      Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті

      Ішкі істер органдары:

      1) алып тасталды — ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;

      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      4) балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, оларға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасайтын ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды анықтайды;

      5) профилактикалық есепке алуды жүргізеді және профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;

      6) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе олардың жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды сол жерге барып қарайды және олардың жолын кесу жөніндегі шараларды қолданады;

      7) жәбірленушілердің өтініші бойынша оларды көмек көрсету жөніндегі ұйымдарға немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;

      8) профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;

      9) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізеді;

      10) қорғау нұсқамасын шығарады;

      11) прокурор алдында қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтініш жасайды;

      12) әкімшілік ұстауды жүргізеді;

      13) сот алдында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы өтініш жасайды;

      14) қылмыстық ізге түсуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жүргізуді жүзеге асырады;

      15) қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолданады;

      16) жәбірленуші қауіпсіздігінің қылмыстық-құқықтық шараларын қолданады;

      17) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша арнайы оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      18) алынып тасталды — ҚР 13.01.2014 № 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

      1) алып тасталды — ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) жергілікті атқарушы органдардың тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылу қажеттіліктеріне талдау жүргізуіне мониторинг жасауды қамтамасыз етеді;

      3) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      4) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді және білім беру ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді.

      Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 12-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

      1) жәбірленушілерге медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының практикасына енгізеді;

      2) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады;

      3) алып тасталды – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда — ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті

      Денсаулық сақтау ұйымдары:

      1) жәбірленушілер мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдарға наркологиялық, психологиялық, психиатриялық емдеу-профилактикалық көмегін көрсетеді және оларға медициналық оңалтуды жүргізеді;

      2) жәбірленушілердің жәрдем сұрауы және оларға медициналық көмек көрсету фактілері туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;

      3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асырады.

      Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

14-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 14-бап алып тасталды — ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

15-бап. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар

      1. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдар:

      1) жәбірленушілерді қабылдауды жүзеге асырады;

      2) жәбірленушілерге қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң көмегін көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, медициналық көмек көрсету және одан әрі оңалту үшін оларды денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;

      3) мүмкіндіктерге қарай жәбірленушілерге уақытша тұратын жер ұсынады;

      3-1) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсетеді, сондай-ақ олардың мүдделері үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік кызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету туралы өтінішпен жүгінеді;

      4) тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;

      5) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы немесе олардың жасалу қаупі туралы ішкі істер органдарына хабарлайды;

      6) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

      7) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген көмек жәбірленушілерге тұратын жеріне қарамастан көрсетіледі.

      2. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрады.

      3. Көмек көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
ШАРАЛАРЫ

16-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

17-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары

      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

      2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:

      1) профилактикалық әңгімелесу;

      2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу;

      3) қорғау нұсқамасы;

      4) әкімшілік ұстау;

      5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

      6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;

      7) әкімшілік жаза қолдану;

      8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;

      9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары;

      10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.

      3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады.

      4. Мүдделі адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

18-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер

      1. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін мынадай мән-жайлардың бірі:

      1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері немесе хабарламаларының келіп түсуі;

      2) ішкі істер органы қызметкерінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны жасауға әрекет ету фактісін тікелей анықтауы;

      3) мемлекеттік органдардан және жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар негіз болып табылады.

      2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалғаны туралы немесе оның жасалу қаупі туралы өтініштер мен хабарламаларды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

19-бап. Профилактикалық әңгімелесу

      1. Профилактикалық әңгімелесудің негізгі міндеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлеуметтік және құқықтық салдарларын түсіндіру және заңға мойынсынушылық мінез-құқықтың қажеттігіне сендіру болып табылады.

      2. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектісі тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адаммен немесе өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану үшін негіздер бар адаммен профилактикалық әңгімелесуді жүргізеді.

      3. Профилактикалық әңгімелесу тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы субъектілерінің қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орны бойынша не тікелей тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерде өткізіледі және ол бір сағаттан аспауға тиіс.

      4. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілетін адамға құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату қажеттігі туралы ескертіледі.

      5. Кәмелетке толмаған адаммен профилактикалық әңгімелесу оның ата-анасының, педагогтарының немесе басқа да заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

20-бап. Қорғау нұсқамасы

      1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік ұстап алуды не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабында көзделген тәртіппен ұстап алуды жүргізу үшін негіздер болмаған кезде аумақтық полиция органының, ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар жәбірленушінің пікірін ескере отырып, қорғау нұсқамасын шығарады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған не оны жасау қаупін төндіретін адамға орындау үшін қолхатпен беріледі. Қол қоюдан бас тартылған жағдайда, қорғау нұсқамасында бұл туралы жазба жасалады.

      Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолхатпен берілуге тиіс.

      Қорғау нұсқамасының көшірмесі өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамға табыс етілген кезінен бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.

      2. Қорғау нұсқамасы ол шығарылған кезде он алты жасқа толған, есі дұрыс адамға қатысты шығарылады.

      3. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады.

      4. Қорғау нұсқамасында: оның шығарылған уақыты мен орны, кімнің шығарғаны және кімге қатысты шығарылғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалған орны, уақыты және мән-жайлары немесе жасалу қаупі, жәбірленушімен қатынастарда белгіленген шектеулер, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жалғастырылған және қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайлардағы құқықтық салдарлары көрсетіледі.

      5. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты шығарылған адамға берілген кезден бастап отыз тәулікті құрайды. Тексеру мерзімділігі күнтізбелік жеті күнде кемінде бір ретті құрайды.

      6. Алып тасталды — ҚР 18.02.2014 № 175-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      8. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Әкімшілік ұстау

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мақсатында және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қорғау нұсқамасын шығару жеткіліксіз деп ұйғаруға негіздер болған жағдайда ішкі істер органдарының лауазымды адамы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыруды көздейтін әкімшілік ұстауды жүргізеді.

      2. Әкімшілік ұстаудың тәртібі, мерзімдері, әкімшілік ұстауға ұшыраған адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.

22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу

      1. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеуі мүмкін.

      2. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасы болып табылады және ол әкімшілік жаза қолданумен қатар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам әкімшілік жауаптылықтан босатылған кезде оның орнына да қолданылады.

      3. Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамға:

      1) жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға;

      2) атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға;

      3) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салынуы мүмкін.

      Жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін сот ерекше жағдайларда тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамның басқа да тұрғын жайы болған жағдайда, жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын да қолдануға құқылы.

      4. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде оған профилактикалық әңгімелесу үшін айына бір реттен төрт ретке дейін ішкі істер органдарына келу міндеті жүктелуі мүмкін.

      5. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу тәртібі, оның қолданылу мерзімдері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде айқындалады.

      6. Ішкі істер органдары мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды профилактикалық есепке қояды және оған профилактикалық бақылау жасауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Қылмыстық процесте іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қауіпсіздік шаралары

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және жәбірленушінің, куәнің және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын және қылмыстық процесті жүргізетін органдар процестік мәжбүрлеу шараларын және процестік қауіпсіздік шараларын қолданады.

      2. Іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын және қауіпсіздіктің іс жүргізу шараларын қолдануға негіздер, оларды қолдану тәртібі, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде айқындалады.

      Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.

      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда — ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

25-бап. Жәбірленушілерге көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде құпиялылықты сақтау

      Жәбірленушілердің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және жария етуге жатпайды.

      Өзінің қызмет бабына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі мәлім болған адамның құпия ақпаратты жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
ПрезидентіН. Назарбаев

Источник дополнительной информации