Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына және тіл күніне орай №3 Смирново орта мектебінің кітапханасында «Ұлы ұстаз» атты көрме ұйымдастырылды. Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны және оның шығармалары, аудармалары туралы әңгіме өткізілді.