«Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

Бүгін 24 мамыр «Бала тәрбиесі баршамызға ортақ» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Жоспар:

1. «Бақытты балалық шақ» шағын концерт
2.  «Ынтымақ мұнарасы» тренингі
3. Жасөспірімдер арасындағы  құқықбұзушылықтын алдын алу.  Әлеуметтік ұстаз А.У.Бигожин
4. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы. 9, 11 сыныптардағы қорытынды аттестациясымен таныстыру. Жазғы демалысты ұйымдастыру. 5-ші еңбек тоқсаны. Мектеп директоры Р.К.Нұртазинова
6 . Әр түрлі мәселелер
7. Жазғы демалыс кезіңдегі балалардың қауіпсіздігі жөнінде іс-шаралар. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.М.Умбетова
Аталған жиналыс жаңа форматқа сай өткізілді.  Жоспарға сәйкес «Бақытты балалық шақ» атты шағын концерттіқ бағдарламадан басталды. Одан соң мектеп мұғалімдері ата-аналармен «Ынтымақ мұнарасы» тренингін жүргізді. Тренингтен кейін, мектептің әлеуметтік ұстазы  А.У.Бигожин  «Жасөспірімдер арасындағы  құқықбұзушылықтын алдын алу» тақырыбында жылдық есеп беріп, ата-аналарға кеңес айтты.

Мектебіміздің директоры Р.К.Нуртазинова  2022-2023 оқу жылын қорытындылап,  9, 11 сыныптардағы қорытынды аттестациясымен ата-аналарды таныстырды.

Жиналыс соңында, бастауыш сынып пен 5-7 сынып оқушылары техника қауіпсіздігі жөнінде шағын көріністермен жол қауіпсіздігі бойынша үгіт насихаттар ұсынды. Ата-аналарға жаднамалар берілді.

Источник дополнительной информации