«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың: «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауында экнономикалық, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған  стратегиялық инвестиция, мемлекет басқару істерін қайта жаңғырту , заң және тәртіп бағдарларын қамтыды. Оның ішінде жас балаларды білімге қанаттандыратын, әрі біріңғай жоғары білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін ерікті жинақтау жүйесін енгізуі келешекке сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Ол туралы Мемлекет басшысы: «Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын.
Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады.
Қазір еңбек нарығында ауқымды өзгерістер болып жатыр. Онда цифрлы экономиканың рөлі арта түспек. Платформалық жұмыспен қамту жүйесіне қызығушылық артып келеді. Осы секторда қазірдің өзінде жарты миллионнан астам адам жұмыс істейді. Алайда олардың еңбек құқықтары толық қорғалмаған. Сондықтан осы санаттағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың нақты тәсілдерін әзірлеп, платформалық жұмыспен қамту мәселесін түгел реттеу қажет», — деген болатын. Еліміздің әрбір азаматы білікті, білімді, халқына адал, елі үшін қызмет ететін ұлтжанды жастарымызға әлеуметтік-кәсіби жағдай жасалынатыны ерекше қуантты. Себебі еліміздің даму күші – білімді жастар болса, оларды кәсіби білікті ететін – білім деп білеміз.

Источник дополнительной информации