Баланың жан жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру.Оған , сурет салу ,жапсыру,
мүсіндеу оқу іс -әрекеттері жатады. Бала өзін қоршаған орта туралы өз түсініктерін қалыптастырып дамиды.
Сурет салу арқылы бала қоршаған ортадан алған әсерін жеткізеді. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала
үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Сурет салу іс әрекетінде эмоциялық көңіл күй пайда болады. Балалар
сурет салған кезде жақсы болып шықса қуанады. Қылқаламмен, қарындаш пен сурет салу біліктілікті талап
етеді, қиындықтар тудырады. Осыған орай 30.11.2023 ж. күні «Айгөлек» шағын орталығы «Бота» кіші тобында балалар «Сиқырлы піл» дәстүрден тыс сурет салды.