Бүгін,яғни 26 желтоқсан күні 1 «А»,1 «Ә» сынып оқушыларында «Рахмет саған,Әліппе»!» атты әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мақсаты: оқушылардың алған білімдерін бекіту; ата-аналарға, ұстаздарға білімдерін көрсету; адамгершілікке , ұқыптылыққа,ертеңгілік барысында өздерін дұрыс ұстай білуге баулу. Әр оқушының іс — әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу Ертеңгілікте оқушылар әліппе туралы өлеңдер, тақпақтар айтты. Әліппе және қара жорға биі ;н билеп, ән салды. Әртүрліқызықты сұрақтарға жауап берді. Оқушыларертеңгілікте көтеріңкі көңіл күймен өнер көрсетті.Ертеңгілік соңында оқушыларға дипломдар, тәттілер табысталды. Мұғалім: Альжанова Балкия Меирбековна және Сматаева Жулдуз Турсумбековна.