#Біртұтас_тәрбие

#өзінөзі_басқару

#самоуправление

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ өткізілді. Бүгін яғни, 19.10.24
«#3 Смирново орта мектебі» КММ «Мектеп парламенті» президентінің сайлауы өткізілді. Сайлауға 6 үміткер тіркеліп, өз бағдарламасын ұсынған болатын. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары ашық түрде дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Сайлауды өткізу барысында сайлау ережелері сақталды. Сайлау комиссиясының төрағасы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Умбетова Ж. М , байқаушылар бастауыш сынып мұғалімдері Альжанова Б. М, Бүркітова Б. Қ 8-сынып оқушылары Сансызбаева Аяжан, Сұлтанғазы Саяжан болды.
Сайлау нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 8«а» сынып оқушысы Қайратұлы Аман мектеп парламентінің президенті болып сайланды. Өзін-өзі басқаруда, мектеп парламенті президентінің жұмысын ұйымдастыру да Қайратұлы Аманға сәттілік тілейміз!
Жетекшілер: аға тәлімгерлер Хамзина Р Қ, Жакупова С, Ж.

Источник дополнительной информации