17 қараша Смирново №3 орта мектебінде 9-10 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысуымен «Бала тәрбиесі ортақ іс» тақырыбында жиналыс өтті. Мақсаты: Ата — аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау, бала тәрбиесінде ата — аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету, балаға деген сүйіспеншіліктің формаларына назар аударуға көмектесу, өтпелі кезеңдегі балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік беру.
Жиналыс барысында ата-аналарға және оқушыларға арналған тренингтер жүргізілді Жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану белгілі бір нәтиже берді: ата-аналар кездесулердің белсенді қатысушылары болды, өзара сыйластық атмосферасы құрылды. Қойылған мақсаттар мен міндеттер толығымен іске асырылды.
Сынып жетекшілер: А.А.Баймуканова, Ж.Т.Умерзакова.