26 сәуірде #3 Смирново орта мектебінде мектеп оқушылары»Жасыл апта» атты челенджге қатысты
Апта барысында ағаш отырғызу, аула мен сынып бөлмелерін көгалдандыру, қоқысты сұрыптау сияқты іс-шаралар ұйымдастырылады.
Жасыл апта — әрбір адамға табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру мүмкіндігі. Әрбір отырғызылған ағаш, әр тазаланған аула — болашақ ұрпаққа қалдырған аманатымыз.
Болашақ — біздің қолымызда! Табиғатты бірге қорғайық! 🌿


