«Смирнов №3 орта мектебі» КММ
2020-2021 оқу жылына тәрбие жұмысының қорытындысы
2020-2021 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады. Аталған жобаның мақсаты: — білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту; — білім алушылардың өзін-өзі тануын, өдамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру; — экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын тәрбиелеу.
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
- Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
- Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
- Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
- Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі іске асыруына саналы қарым-қатынас қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сондай-ақ коэволюция идеяларын қабылдау қабілетіне және оны күнделікті өмірде басщылыққа алуына ықпал ету.
- Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
- Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді.
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;
2. Рухани-адамгершілік тәрбие;
3. Ұлттық тәрбие;
4. Отбасы тәрбиесі;
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
I –жартыжылдық қорытындысы
Төтенше жағдай кезінде тәрбие жұмысын ON-LINE – форматта ұйымдастыру ұсынылды. Сол себептен 1-жартыжылдықта тәрбиелік іс-шаралар жоспарланып қашықтықтан өтті. Өткізілген іс-шаралар:
. «Абай дара- Абай дана» Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, «Ата заң – мәңгілік елдің берік тұғыры» ҚР Ата заңының 25 жылдығы, Әбу Насыр 1150 жылдығы» мерекелік даталары тақырыптарын құрайды.
(1-4 сыныптарға «кезекші сыныптар» мектепте , 5-11 сыныптарға қашықтықтан). Жыл бойы республикалық «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Ай сайын оқушыларды мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырдық. «Абайлаңыз, балалар!» мектеп акциясы, ҚЖИ жасағы. (1-11 сын.). Жол-көлік оқиғаларының алдын алу іс-шараларын өткізу. (сын.сағаты)
«Жол ережесі әліппесі» (1 сын), «Жол белгілері еліне саяхат» (2-3 сын), «Бағдаршам бағыты:қызыл, жасыл, сары» (4 сын), «Жол тәртібі ережесі» (5-6 сын), «Жол тәртібі ережесі туралы әңгімелесу» (7-8 сын), «Жол көлік оқиғалары» (9-11 сын).
Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекені» апталығы өткізілді. «Қашықтықтан оқыту кезіңде балаға қалай көмектесуге болады?» біріңғай жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы (1-11 сыныптарға) ұйымдастырылды.
Денсаулық фестивалі «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында өткізілді. «Тіл-ұлттың тірегі» Қазақстан халықтарының тілдері күні апталық ұйымдастырылды. «Біз және заң» — құқықтық білім онкүндігі өткізілді. «Жас өспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі», «Қылмыс жасау себептері мен салдары », «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты сынып сағаттар өткізілді. 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. (видеофильмдер көру, зияткерлік ойындар, викториналар, кездесулер) өткізілді. ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған «Гүлдене бер, менің-Қазақстаным!» апталық өткізілді. «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Шаңырақ» ұйымдарына оқушылар қабылданды. «Жаңа жылдарыңызбен!», «Жасыл шырша жаңында» Жаңа жылдық іс-шаралар ұйымдастырылды..
«Смирнов №3 орта мектебі»КММ пандемия кезеніңдегі өткізілген
іс-шаралар жетістіктері туралы мәлімет
Байқаулар, олимпиадалар, жобалар,
Форумдар,
Конференция,
спорттық жарыстар атауы Деңгейі Оқушының, мұғалімнің аты- жөні Алған орындары 2019-2020 оқу жылы Грамота, диплом, сертификат (фотосы)
«ІІІ сезон международных дистанционных конкурсов в сфере образования, науки, IT-технологий, искусства, музыки и спорта. Конкурс ИЗО «Мир игрушек» халықаралық Айтмагамбетова Назерке Аяновна
Сыздыкова Азиза- 7 сынып 1-орын 2020 жыл
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Салют,Жеңіс!»қашықтықтан өткен балалар шығармашылығының облыстық байқауы. «Тарихи макет» облыстық Аймагамбетова Назерке Аяновна Кыйлажова Диляра-9сынып 1-орын 2020 жылы
«Отаным — менің Қазақстан» атты республикалық өнер және шығармашылық байқауы. Республикалық Жангазина Айгуль Адылкановна
Қалдыкерім Дінмұхамед-
2 сынып ІІ-дәрежелі диплом 2020ж
«Салют, Жеңіс!» қашықтықтан өткен балалар шығармашылық облыстық конкурсы. облыстық І-дәрежелі диплом
www.orleu.kz порталында онлайн еңбектері жарияланды. Жарияланған еңбектер тізімі: «Біз біргеміз» Бейнеролигі жарияланды
Сматаева Жулдуз Турсумбековна 2020ж
«Салют Жеңіс» облыстық байқау «Видеоқұттықтау» номинациясы 2020 жыл облыстық Топтық жұмыс 2 орын
Ustaz.tilegi.kz Республикалық ұстаздар сайтында «Латын әліпбиіне көшу- жаңа заман талабы» тақырыбы бойынша авторлық материал жариялағаны үшін сертификат Республикалық Мукашева Айсулу Токеновна
Пандемия уақытында кітапханада өткізілген қашықтық іс-шаралар
- Абай Құнанбаевтың 175 жыл туғанына орай
«Абайдың өлеңдері мен қара сөзін қаншалықты жақсы білесін?»
тақырыбы бойынша қашықтық сұрақ-жауап сайысы
2.«Отбасы құндылықтары» көрме
3.«Балалық шақты бірге қорғайық» көрме
4.«Қазақ балалар әдебиетінің жазушылары» презентация
5.Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жылына орай «Шоқан Уәлиханов – зерттеуші және саяхатшы» презентация
6.«Білім –білім бұлағы» кітапханалық сабақ
7.Сапарғали Бегалинның туғанына 125 жыл. Деректі фильм
Қашықтықтан өткізілген іс-шаралар
Смирнов №3 орта мектебінде 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру (қашықтықтан) жұмысы жүргізілді.
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс.Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
1-4 сынып оқушылары арасында «Қазақстан – менің Отаным» атты балалар суреттерінің көрмесі өтті. Оқушылар осы тақырып бойынша өздерінің қиялдарымен ұшқыр бөлісіп, қағаз беттеріне түсірді
«Дарындар әлемі!» атты ән, би, шешендік өнер уақыты өтті. Оқушылар осы тақырып бойынша қашықтықтан өздерінің өнерлерін ұсынды. Видеосы фейсбук пен мектеп сайтына салынды.
5-11 сынып оқушылары арасында «Пайдалы ойындар» робототехникасы бойынша онлайн-тренинг өтті. Тренингті информатика мұғалімі Ж.М.Жантлесов ұйымдастырды. Тренингтің негізгі мақсаты — бағдарламалау және алгоритмдеу байланысты логикалық ойлау қабілеті бар, шығармашыл, техникалық сауатты тұлға тәрбиелеу. Тренинг аясында жоғары сынып оқушылары «Кодтың сағаты» онлайн ойынында (https://hourofcode.kz/) бағдарламалау дағдыларын дамытты, онда көпшілік өте жақсы нәтиже көрсетті. Ал 5-6 сынып оқушылары арасында «Робот менің көзіммен» суреттер байқауы өтті. Бұл тренингте біз роботтың не екенін білдік, қолдану саласы мен роботтарға арналған бағдарламаларды өз бетінше құруды үйрендік.
13 қараша күні сәнді қолданбалы өнер бағыты бойынша күзгі демалыста 5-7 сынып оқушыларымен «Отбасылық шеберхана» балалар қолөнерінің көрмесі, ата-аналар шеберлік сыныбы өтті. Осы тақырып бойынша оқушылар қол өнерлерінің шеберліктерін көрсету үшін өздеріне ұнайтын бұйымдар жасап әр түрлі тақырыпта суреттер салды. Көркем еңбек пәні мұғалімдері Айтмагамбетова Н.А., Альжанов Е.Т., Мукашева А.Т.
1-11 сынып оқушыларына қашықтықтан «Бала құқығы», «Мен және менің құқықтарым» атты сынып сағаттарыөткізілді. Оқушылар сурет салып, коллаж жасады.
18 қараша жоспарға сай «Жолда жүру ережелері» тақырыбында онлайн- спорттық викторина өткізілді . Викторина 8-сынып оқушыларымен WhatsApp бойынша жүргізілді. Сынптың 12 оқушы қатысты. Онлайн –викторина қорытындысы бойынша жолда жүру ережесін үздік білетін оқушылар анықталды. Ол оқушыларға мадақтау грамотасы берілді, жеке номерлеріне электронды түрде жіберілді. 10-сынып оқушыларымен ЗУМ бағдарламасында «Белгіні танып айт» тақырыбында сұрақ –жауап ұйымдастырылды. Сондай-ақ осы іс-шара WhatsApp бойыншда өткізілді.
II –жартыжылдық қорытындысы
Ұлттық тәрбие.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, рухани-адамгершілік тәрбие бағыттары бойынша өткізілген іс-шаралар:
«Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу- азаматтық парыз бен міндет» , «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышы» аттысынып сағаттар өткізілді. Қауіптіліктің алдын алу сабағы. Жол қозғалысы ережесі мен жол көлік оқиғалары туралы фильмдер көрсетуді ұйымдастырылды. «Жол қозғалысы ережесі», «Бірге жол көлік оқиғаларының алдын алайық!» тәрбие сағаттары өткізілді. «Қазақстан халықтарының салт-дәстүрі және әдеп-ғұрыптары», Қарым-қатынас сабағы «Ізеттілік пен құрмет», «Қазақстан халқы ассамблеясы — ұлтаралық татулық пен төзімділік белгісі» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Мейірімділік жеңеді» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. «Бір шаңырақ астында» плакаттар байқауы өткізілді. «Толеранттылық – достық пен бірлікке апарар басты жол». Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары жайлы дебат ұйымдастырылды. Құқықтық оқыту. Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен міндеттері.
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыттары бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар:
«Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар», «Рухани төзімділік дегеніміз не?», «Әлем және экстремизм», «Экстремизм және терроризм-қоғам мен мемлекет үшін өте қауіпті» сынып сағаттары өткізілді. «Экстремизмнің қауіптілігі: Экстремизм біздің өмірімізде » ерікті «Адал ұрпақ» клубының жұмысы. 7 мамыр-Отан қорғаушылар күні.
9 мамыр-Жеңіс күні.Осы мерекелерге орай тақырыптық «Ерлікті ардақтаған Ел нұрлы» мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ер есімі — ел есінде», «Отан үшін от кешкендер» сынып сағаттары өткізілді. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Жемқорлыққа жол жоқ»атты тәрбие сағаттары мен бейнероликтер көрсетуі ұйымдастырылды.
«Мен Қазақстанның азаматымын және патриотымын», «Мен Қазақстандықпын» тақырыптарына эссе жазылды.
«Елбасы Жолдауының ерекшеліктері» сынып ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Мемлекеттік рәміздер» «Мемлекеттік рәміздерді білу- парыз» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Рәміздерім мақтанышым» тәрбие сағаты өткізілді.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар:
Нашақорлық, есірткі тұтыну, ішімдік ішу, темекі шегудің зияндылығының алдын алу мақсатында «Жаман әдеттер.Шылым шегу денсаулыққа қауіпті» тақырыпта дәрістер оқылды. «Дені сау ұрпақ-ел болашағы» СӨС орталығы мамандарымен кездесу
СӨС. Қауіпті ойындар. (медиақауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, интернет желісіндегі қауіпсіздік) «Спорттық Қазақстан. Дені сау ұрпақ.» атты онкүндік өткізілді.«Әкем, шешем және мен» көңілді спорт жарыстары,спорттық жарыстар, шаңғы тебуден жарыстар ұйымдастырылды.. «Біз өмірді таңдаймыз!».Жағымсыз әдет, мінез-құлықтың алдын алу туралы» сынып сағатын өткізілді «ЖҚТБ және АҚТҚ ауруларының алдын алу профилактикасы өткізілді. «ЖҚТБ ауруларының алды алу туралы» ҚР Заңы», «Сіз есірткі туралы не білесіз?» плакаттар сайысы өткізілді. Суицидтің алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды.
Жазғы демалыс кезіндегі өмір қауіпсіздік, жолда жүру қауіпсіздігі.«Өмір қымбатсын маған» психологиялық тренингтер өткізілді.«Өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алу» ақыл-кеңес, бейне роликтерді көрсету ұйымдастырылды..Оқушыларға және ата-аналарға жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік нұсқаулықтарын өткіздік.
ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Смирнов №3 орта мектебінің кітапханасы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Ыбырай Алтынсарин оқуларын қашықтық түрінде өткізді. Шараның қорытындысы бойынша орта буын сыныптар арасында 7″а» сынып оқушысы Тайыр Ұлболсын — 1 орын, 7 «ә» сынып оқушылары Абикенова Аяулым -2 орын, Сапаралиева Гүлнұр -3 орын және бастауыш сынып арасында 4 сынып оқушысы Гайсина Эльнара мен 2 «а» сынып оқушысы Арал Расул 1 орынға ие болғандары үшін мадақтамалармен марапаттал
Аққайың ауданы Смирнов №3 орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында наурыз мерекесіне арналған «Ұлттың салт- дәстүрін біл» атты кітап көрмесі және киіз үй жиһаздары көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқырмандарға этнограф-жазушы Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың дарқан дастарқаны» қазақ халқының ұлттық тағамдар мен жеңсік астар және оның ерекшеліктері туралы ғылыми-танымдық жинағы және де осы жазушының зерттеген еңбегі «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» жинағында қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы — оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы даралап көрсетілген, «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» энциклопедиялық еңбегі, мұнда халық «қара шаңырақ» деп кие тұтатын киіз үй және оның ішкі, сыртқы жиһаздарынан бастап әдет-ғұрыптарымыздың сан алуан түрлері және оның тәрбиелік қызметі мен орны кеңінен көрсетілген,«Қазақ халқының ұлттық киімдері» кітапта кәсіптік киімдер (аңшы, малшы, діндарлар, және әртүрлі рәсімдерге байланысты киімдер т.б.) жөнінде жазылып, одан туындайтын киіммен байланысты қазақ халқының дәстүрлері ырымдары,тыйымдары, салттары енгізілген.
Әскери-спорттық іс-шара.
8-10 сыныптар арасында 28 сәуірде Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған әскери-спорттық іс-шара өткізілді. Команда құрамына 4 ұл және 6 қыз кірді. Жарыс түрлері:
(Бөрене бойымен жүгіру, өрмелеу, қылыш лақтыру, уақытқа газтұтқыштарды кию, қаптарда жүгіру, үш аяқпен жүгіру, АК –74 автоматын уақытында құрастыру-бөлшектеу). Орындар ең көп жинаған баллдар негізінде бөлінді. 10 сынып командасы-3 орын,8 сынып-2 орын алды, осы іс-шараның жеңімпаздары 9 сынып командасы болды, олар 1 орын алды.
Сап пен ән байқауы.
5 мамырда Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған сап және ән байқауы өткізілді. 2 «а»,2 «ә»,3,4 сыныптар қатысты. Онда 2″ә» сыныбы –3 орын, 3 сынып-2 орын және 1 орын-2″а»,4 сыныптар жеңіп алды. «Үздік командир» номинациясында 2 «А» сыныпоқушысы Талғат Мәди иеленді.
Сондай-ақ, 5 мамырда екінші ауысыммен аталған іс-шара өткізілді.5-7 сынып оқушылары арасында өтті. 7 «а» сыныбы – 1 орын,2 орын-5 «а» және 5«ә» иеленді.3 орынды — 6 «а», 6 «ә», 7«ә» сыныптары жеңіп алды. «Үздік командир» номинациясын 7 «А» сынып оқушысы Таңатов Әлихан жеңіп алды.
«Салют Жеңіс!»
Сахналық әскери әннің байқауы.
29 сәуірде әскери әндерді сахналау конкурсы өткізілді. Байқауға 5-10 сынып оқушылары қатысты. 5-7 сыныптар арасында 3 орынды-7 «ә»,6 «А»,6 «ә» сыныптары ,2 орынды-5 «А»,5 «ә» сыныптары,1 орынды-7 «А» сыныптары иеленді. 8-10 сыныптар арасында 1 орынды -8 сынып, 2 орынды -9 сынып,3 орынды-10 сынып иеленді.
Облыстық «Салют, Жеңіс!» әскери әндерді сахналау байқауына қатысып екі жүлделі орындарға иелендік. (1-ші және 3 орын).
Экологиялық тәрбие
Смирнов №3 орта мектебінде экология апталығы өтті. Әр сынып топтарына жеке сынып сағат тақырыптары ұсынылды. Сол бойынша сынып жетекшілер жұмыстар атқарды.
1-2 сыныптар арасында «Біздің үй жануарымыз» тақырыбында сурет сайысы өтті. Бұл сайысқа барлығы белсене атсалысты. Жүлделі орынға ие болған оқушылардың суреттері шығармашылық тақтасына ілінді.
«Мен табиғатты қорғаймын», «Менің өлкемнің табиғатын аялау», «Бұл әлем неткен ғажап» тақырыптарында әлеуметтік эко-плакаттар салынып мектеп оқушыларымен бірге біздің өңірде жоқ құстардың аялдауын қарауға бардық. Ғаламтордың ақпаратына сенсек қызғылт пеликандар Африка елінде мекен етеді. Сонау шақырымды кешіп, біздің солтүстік өңірге келіп аялдаған, қызыл кітапқа енген осынау ерекше құстарды көріп қана қоймай, қоректтерін алып келдік. Осы арқылы оқушылардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруды көздедік.
«Табиғатпен татулықта өмір сүру» тақырыбында экологиялық викторина және сурет байқауы өтті. Байқау аясында оқушылар өз салған суреттерін түсіндірмелермен жалғады.
Экология апталығын «Екінші дем» атты қол өнер сайысымен аяқтадық. Бұл сайыста 5 сынып оқушылары, техниканың тасталып қалған қорабынан, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны жасап, 1 орынға ие болды.
1 сынып оқушысы Камал Айару республикалық «Құстар әлемінде» онлайн байқауының 1 дәрежелі жүлдесін иеленді.
Оқушылардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында, 16 сәуір күні Смирнов №3 орта мектебінің 7 мен 11 сынып оқушылары ерекше экскурсияға сапар шекті. Бұл сапарымыздың ерекшелігі біздің өңірде жоқ құстардың аялдауы. Ғаламтордың ақпаратына сенсек қызғылт пеликандар Африка елінде мекен етеді. Сонау шақырымды кешіп, біздің солтүстік өңірге келіп аялдаған, қызыл кітапқа енген осынау ерекше құстарды көріп қана қоймай, қоректтерін алып келдік.
23 сәуір Смирнов №3 орта мектебінде Парламентке сайлау сағат 9:40 тан басталды. Мектеп сайлауға толыққанды дайындалды. Алдын ала ұсынылған 9 кандидаттар өз бағдарламаларын ортаға салды. Ойлана отырып әр оқушы өзі таңдаған сайланушыға дауысын берді. Сайлау орындарында бюллетеньдер салынатын жәшік, 2 тіркеуші орны мен бюллетеньдер болды. Әр сынып өздеріне берілген уақытта дауыс беруге қатысты. Маска тәртібі сақталды.
Мамыр айында мектеп түлектеріне «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілді. Мектеп түлектері естелікке мектеп алаңына жас қөшеттер отырғызды. Мемлекеттік емтихандардан кейін салтанатты түрде 9, 11 сынып оқушыларына аттестат табыс етілді.Маусым айында мектеп оқушыларына «Балдаурен» жазғы сауықтыру алаңы ашылды. Алаңда 60 оқушы демалды. Аудандық «Оқжетпес» лагерінде көпбалалы және азқамтылған отбасылардан оқушыларымыз демалды. 2 оқушымыз Капчагай қаласындағы республикалық «Балдаурен» лагеріне барып демалып келді. Жазғы демалысты мектеп оқушылары жақсы өткізді.