Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық

I. Жалпы талаптар

1. Осы нұсқаулық ҚР Үкіметінің 09.10.2014 ж. № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережелерінің (бұдан әрі – Ережелер) талаптарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдағы (бұдан әрі – МДҰ) қауіпсіздіктің негізгі талаптарын белгілейді.

2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауаптылық МДҰ басшысына жүктеледі.

3. МДҰ меңгерушісі:

3.1. МДҰ қызметкерлерінің Ережелерді оқып-үйренуі мен орындауын ұйымдастыруға.

3.2. Өртке қарсы нұсқама жүргізуді және өрт сөндіру-техникалық минимумы бойынша сабақ өткізуге.

3.3. МДҰ жатын бөлмелеріндегі, ойын бөлмелеріндегі және қосалқы үй-жайлардағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйін, байланыс құралдарының, өрт дабылы мен өртпен күрестегі техникалық құралдардың бар-жоғы мен жарамдылығын кезең-кезеңмен тексеруге.

3.4. МДҰ үй-жайларында қатаң өртке қарсы режим орнатуға (техникалық құжаттаманы сақтау орнын анықтау, тексеру тәртібін белгілеу, жұмыс аяқталғаннан кейін топтық бөлмелердің, қосалқы үй-жайлардың жабылуы), жұмыскерлердің оны үнемі қатаң сақтауын қадағалауға.

3.5. Электр құралдарының, электр қондырғыларының, техникалық құрал-жабдықтың, жылыту, желдету құралдарының жарамдылығын тексеруге және өртке алып келуі мүмкін ақаулық табылған жағдайда, дереу оны жою жөніндегі шаралар қабылдауға.

3.6. МДҰ-ғы өрт қауіпсіздігіне жауапты адамды бұйрықпен тағайындауға міндетті.

4. МДҰ-ғы әрбір қызметкер өрт қауіпсіздігі ережелерін нақты білуге, қатаң сақтауға және орындауға, өртке немесе жануға алып келуі мүмкін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

5. Ереженің бұзылуына кінәлі тұлғалар, бұзушылық сипатына және оның зардаптарына қарай тәртіптік, әкімшілік немесе сот тәртібімен жауапқа тартылады.

6. Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы өртке қарсы алғашқы (кіріспе) нұсқамадан еңбекті қорғау жөніндегі кіріспе нұсқамада жұмысқа қабылданған барлық қызметкерлер өтуге тиіс.

Қайталама нұсқамадан жұмыс орнында меңгерушінің ӘЖ және ӘШБ жөніндегі орынбасары өткізеді.

Өртке қарсы нұсқамадан өтпеген тұлғалар жұмысқа жіберілмейді.

II. Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары

1. Аумақты ұстау:

1.1. Мекеме аумағы үнемі таза ұсталуға тиіс және жүйелі түрде қоқыстан, құрғақ бұтақтан, қағаздан және т. б. тазартылуға тиіс.

1.2. Ғимараттың барлық кіреберісіне еркін кіруге рұқсат берілуі керек. Ғимарат пен өрт сөндіру кезінде су көздеріне баратын жолдар мен подъездер, сондай-ақ өрт сөндіру мүкәммалдары мен жабдықтардың маңайы әрқашан бос болуы керек.

1.3. Жолдың жекелеген учаскелерінің немесе өрт сөндіру машиналарының өтуіне кедергі келтіретін жолдардың жөндеуге жабылғаны туралы дереу өрт сөндіру күзетіне хабарлау керек.

1.4. Ғимарат жанында алау жағуға үзілді-кесілді тыйым салынады.

2. Ғимарат пен үй-жайды ұстау:

2.1. Ғимараттың топтық, қызметтік, қоймалық және көмекші үй-жайлары уақтылы жиналып, таза ұсталуға тиіс.

2.2. Өтетін, кіретін жолдар, тамбурлар, дәліздер еркін болуға тиіс. Көшіру жолдарының есіктері ғимараттан шығу бағытында ашылуы керек.

2.3. Баспалдақ алаңының есіктері, сондай-ақ әрқашан жарамды күйде болуға тиіс өздігінен жабылатын құрылғы ойықтарда нығыздалуы керек.

2.4. Өртке қарсы кедергілерді (қабырғалар, қалқан, аймақ, белдеу) әртүрлі коммуникациялар кесіп өткенде тосқауылдардың саңылаулары мен құрылымдарының барлық қалыңдығы жанбайтын материалдардан саңылаусыз жасалуға тиіс.

2.5. Өрт күзетімен келісілген жобасыз үй-жайды қайта жоспарлауға тыйым салынады.

2.6. Отқа төзімділігі 1, 2, 3-ші деңгейдегі өндірістік ғимараттарда антресоль, қалқан, тұрмыстық бөлме, қоймалық және кеңселік үй-жайларды жанғыш материалдардан тұрғызуға жол берілмейді.

2.7. МДҰ ғимаратында:

· көшіру жолдарында жиһаз, құрал-жабдық, сейф және басқаларды қоюға;

· жұмыс аяқталғаннан кейін электр құралдарын қосулы күйде қалдыруға;

· қызметтік кабинеттің қабырғаларын жанғыш маталармен қаптауға;

· көшіру жолдарындағы қабырғалардың өрнегін жанғыш материалдармен жүргізуге;

· қатып қалған құбырларды дәнекерлеу лампаларымен және ашық от қолдану арқылы кез келген тәсілмен қыздыруға;

· едені жанғыш бүркеуден тұратын кабинеттер мен топтық бөлмелерде жанғыш және торлы урналар қолдануға тыйым салынады.

2.8. МДҰ аумағында және ғимаратта темекі тартуға қатаң тыйым салынады.

2.9. Өрт сөндірудің бастапқы құралдары мен өрт мүкәммалдарын мақсатсыз қолдануға тыйым салынады.

2.10. МДҰ ғимаратында балалар мен жұмыскерлер болған кезде үй-жайлар мен топтық бөлмелерде отпен байланысты жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.

3. Электр қондырғылары:

3.1. Жұмыс аяқталғанда жабылатын және кезекші персонал бақыламайтын барлық үй-жайларда (мақсатына қарамастан) электр қондырғылары мен электр құралдарының бәрі тоқтан ажыратылуға тиіс (кезекші және апаттық жарықтандыруды, өрт сөндіру, өрт және күзет дабылының автоматты қондырғыларын, сондай-ақ технология талабы бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін электр қондырғыларын қоспағанда).

3.2. Электр қондырғыларын пайдалану кезінде:

· дайындаушы кәсіпорынның ұсынымына (нұсқаулығына) сәйкес келмейтін жағдайларда немесе өртке алып келуі мүмкін ақаулығы бар болғанда электр аппараттары мен

құралдарын пайдалануға, сондай-ақ зақымдалған немесе оқшаулау қорғаныш қасиетін жоғалтқан сымдар мен кабельдерді пайдалануға;

· зақымдалған розеткаларды, ажыратқыштарды, басқа да электрге бекітілетін бұйымдарды қолдануға;

· электр лампалары мен шамдалдарды қағазбен, матамен және басқа да жанғыш материалдармен тыстауға, сондай-ақ оларды түсірілген қалпақтармен (шашыратқыш) пайдалануға;

· электр үтіктерін, электр плиткаларды, электр шайнектерді және басқа да электрлік қыздырғыш құралдарды жанбайтын материалдардан жасалған тіреусіз пайдалануға;

· желіге қосылған электрлік қыздырғыш құралдарды, теледидарды, радиоқабылдағыштарды және т. б. қараусыз қалдыруға;

· стандартты емес (қолдан жасалған) электрлік қыздырғыш құралдарын пайдалануға, калибрлік емес еритін тіреуіштерді немесе қысқа тұйықталу мен шамадан тыс жүктемеден сақтайтын басқа да қолдан жасалған қорғаныс аппараттарын қолдануға тыйым салынады.

3.3. «Кірудің» жарық көрсеткіштері жарамды және үнемі қосулы болуға тиіс.

3.4. Терморегулятормен жабдықталмаған электр пештерін, электр каминдерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

4. Өртке қарсы сумен жабдықтау желілерін ұстау:

4.1. Өртке қарсы сумен жабдықтау желілері жарамды күйде болуға және өрт сөндіруге қажетті норма бойынша су шығынын қамтамасыз етуге тиіс. Олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеруді жылына екі реттен (көктемде және күзде) сиретпей жүргізген жөн.

Өрт гидранттары жарамды болуға тиіс, ал қыс кезінде жылытылып, қар мен мұздан тазалануы керек.

Су өтетін желілер мен гидранттар учаскелерін өшіргенде немесе желідегі қысымды талап етілгеннен төмен азайтқанда бұл туралы аудандық өрт күзеті бөлімшесіне хабарлау қажет.

4.2. Ішкі өртке қарсы су өтетін сымдардың өрт сөндіру крандарын түтіктермен және ұңғылармен толымдап, ал өртке су себетін түтік құбырды кран мен ұңғыға қосу керек.

Алты айда бір реттен сиретпей жаңа қатпарға зығырдан жіп орау керек.

4.3. Әкімшілік, қойма және қосымша үй-жайлар өрт бола қалған жағдайда дереу өрт сөндіру көмегін шақыру үшін өрт сөндіру және байланыс (өрт сөндіру сигнализациясы, телефон) құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.

4.4. Өрт сөндіргіштерді орналастыру, қызмет көрсету және қолдану тәртібін дайындаушы кәсіпорынның нұсқаулығы көрсеткішіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қолдану керек.

4.5. Өрт сөндіргішті нұсқаулығындағы жазу оның корпусында анық көрінетіндей орнату керек.

4.6. Өрт техникасын шаруашылық, өндірістік және өрт сөндірудің қалыптасуына оқыту мен өрт сөндіруге қатысы жоқ басқа да қажеттіліктерге пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.

III. Өртті ауыздықтау кезіндегі МДҰ меңгерушісі мен өрт күзетінің бірлескен іс-әрекетінің тәртібі

1. Өрт немесе жану белгілерін байқаған кезде (түтіндеу, күйік иісі, температураның көтерілуі, т. б.) әрбір қызметкер бұл туралы 101 телефонына өрт күзетіне (бұл ретте объектінің мекенжайын, өрттің жанып жатқан (туындаған) жерін атап, сондай-ақ өзінің аты-жөнін айту керек) хабарлауға міндетті.

1.1. МДҰ-ғы балалар мен жұмыскерлерді көшіру бойынша барлық қолдан келетін шараларды қабылдау және өртті сөндіру мен материалдық құндылықтарды сақтауға кірісу керек.

2. Өрт орнына келген МДҰ басшысы:

2.1. Өрттің туындағаны туралы хабарламаны өрт күзетіне қайталап айтуға.

2.2. Жұмысқа өртке қарсы қорғаныстың автоматты жүйелерінің (адамдарды өрт туралы, өртті сөндіру, өртке қарсы қорғаныш туралы хабардар ету) қосылуын тексеруге.

2.3. Балалар мен қызметкерлердің өміріне қауіп төнген жағдайда қолда бар күш пен құралдарды пайдалана отырып, дереу оларды құтқаруды ұйымдастыруға.

2.4. Қажет жағдайда электр энергиясын (өртке қарсы қорғаныс жүйелерін қоспағанда) өшіріп, өрттің өршуі мен ғимараттағы үй-жайдың түтіндеуінің алдын алуға ықпал ететін іс-шараларды орындауға.

2.5. Өртті ауыздықтау жөніндегі іс-шаралармен байланысты жұмыстардан басқа барлық жұмыстарды тоқтатуға.

2.6. Өртті сөндірумен бір мезгілде көшіруді және материалдық құндылықтарды сақтауды ұйымдастыруға.

2.7. Өрт күзеті бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастыруға және машиналардың өрт ошағына кіруінің қысқа жолын таңдауда көмек көрсетуге.

2.8. Өрт сөндіру бөлімшесі келген кезде МДҰ басшысы өртті сөндіру басшысын ғимараттың құрылымдық ерекшеліктерімен, қабылданған шаралар мен өртті дұрыс ауыздықтауға қажетті басқа да мәліметтермен хабардар етуге, сондай-ақ объектінің күші мен құралдарын өртті жоюға әрі оның өршуінің алдын алуға байланысты қажетті шараларды жүзеге асыруға тартуды ұйымдастыруға міндетті.

IV. Арнайы талаптар

1. МДҰ ғимаратын оқу жылы басталар алдында аудан әкімшілігінің комиссиясы қабылдап алуға тиіс, оған өртті бақылау инспекторы міндетті түрде қатысады.

2. Топтық бөлмелерде тек қана оқу-тәрбиелеу процесін қамтамасыз етуге қажетті жиһазды, құралдарды, үлгілерді, жабдықтарды орналастыру керек, олар шкафтарда, стеллаждарда немесе стационарлық түрде орнатылған тіреулерде сақталуға тиіс.

3. Төсектер (жатын жайлардағы) және ойын бөлмелері мен кабинеттердегі үстелдер (басқа жиһаздар) саны жобалау нормативтерінде белгіленген саннан аспауға тиіс.

4. МДҰ тәрбиеленушілерімен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін оқып-үйрену бойынша сабақ (әңгіме) ұйымдастыру қажет.

5. Сабақ аяқталғанда барлық өртке қауіпті заттар мен материалдар арнайы жабдықталған үй-жайға жиналуға тиі

Қосымша ақпарат көздері