Кітап білім бұлағы

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды, кітапты күтіп ұстауға үйрету. №3 Смирново орта мектебінің кітапханасында 1 сынып оқушыларына «Кітап-білім бұлағы» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Кітабың сенің, құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір қадам.

Кітабыңды құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Қосымша ақпарат көздері