«Қауіпсіз терезе» республикалық ақпараттық науқан

№3 Смирнов орта мектебінде 3 мен 14 сәуір аралығында «Қауіпсіз терезе» республикалық ақпараттық науқанға байланысты жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат 2022-23 оқу жылы.

Мектебімізде «Қауіпсіз терезе» оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету науқанына байланысты 3-14 сәуір аралығында мектебімізде акция өткізілді. Акцияның өту мақсаты: оқушылармен ата-аналар арасында үгіт насихат жұмыстары (лекция,әңгімелер,ескертпелер) өткізілді. Оқушылардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың көбейуі және оның алдын алуға бағытталған.

Мектептегі психологиялық қызмет сынып жетекшілермен бірлесе отырып тәрбие сағаттарында бейнероликтер көрсетіліп талқыланды.

Ондағы мақсат: оқушыларды қауіпсіздік пен сақтық ережелеріне дағдыландыру, кеңес беру.

Интернат тәрбиеленушілері арасында күнделікті өмірде және төтенше жағдайда қауіпсіздік әрекетінің негізгі ережелерімен таныстырылып,түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ол көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар құрылған жоспарға сәйкес келесі жұмыстар атқарылды.

«Терезедегі қауіп», «Абайлаңыз! Ашық терезе!», «Егер сіз үйде жалғыз болсаңыз» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді.

«Қауіпсіз терезелер» балаларға қауіпсіздік ережелері туралы 5-7 сыныптар және интернат оқушыларына ақпараттар беріліп, жадынамалар таратылды.

Үйде дұрыс және бұрыс мінез-құлық жағдайларын сақтау ережелері туралы 1-11 сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.

Бастауыш сыныптар арасында «Аркадий Паровозов көмекке асығады», «Үкі апайдың қауіпсіздік сабақтары»анимациялық сериясы көрсетіліп талдау жасалды.

Балалардың терезеден түсуінің алдын алу мақсатында ата-аналар групаларына «Бала жалғыз болғанда», «Ашық терезе – балаға қауіп» ақпарат ретінде бейне роликтер және жадынамалар жіберілді.

Сонымен қатар Абайлаңыз, ашық терезе!, Пиротехникалық заттар зардабы, Электр құралдары, Өрт қауіпсіздігі туралы

1-11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді.

Қосымша ақпарат көздері