16 наурыз күні Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Армысың әз-Наурыз!» бастауыш сынып оқушыларының ертеңгілігі өтті.
Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
![](https://b0311.edu.kz/storage/sites/38/2023/05/11-1024x768.jpg)
![](https://b0311.edu.kz/storage/sites/38/2023/05/12-1024x768.jpg)
![](https://b0311.edu.kz/storage/sites/38/2023/05/13-1024x768.jpg)
![](https://b0311.edu.kz/storage/sites/38/2023/05/14.jpg)
![](https://b0311.edu.kz/storage/sites/38/2023/05/15.jpg)