1 Мамыр- Қазақстан халқы бірлігі күні

№3 Смирнов орта мектебінің жанындағы «Айгөлек» шағын орталығы 1 Мамыр- Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай 27.04.2022 күні ертеңгілік өткізді.

Ертеңгіліктің мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.

Құрметті балалар, әріптестер! Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шың жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.

Қазақстанның кең шаңырағы астында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, неміс, корей, ұйғыр, қырғыз, армян, грузин және көптеген басқа ұлт өкілдері тұрады. Осы ұлттардың әрқайсысы бірегей таптырмас қасиеттерге ие, дегенмен Қазақстан аумағында біз – тату өмір сүретін бір халықпыз. Бірінші мамыр мерекесінің мәні де осы.

Қосымша ақпарат көздері