Әжелер ертегісі

№3 Смирново орта мектебінің кітапханасында «Әжелер ертегісі» атты  іс-шара ұйымдастырылды. 4 а сынып оқушылары қатысып, «Дана қыз» деген ертегісін тамашалады.

Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға  керемет суреттемелер берген, аңыздар, ертегілер жазған.Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнерлігін, ақылдығын, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз –елдің көркі, гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар»  осындай мақал- мәтелдер көп  қолданған.

                        Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

                       Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

                       Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

                       Халқының сақтай білген ізгі салтын.

https://www.facebook.com/smirnovskaysh.smirnovo.1/posts/pfbid0D7pCLKKCnJEWDzJRU7FSbc39t7WTrR1F5MVEbUYgG3YDnm3xjttvnpeMLak7wvkKl

Қосымша ақпарат көздері