«Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны

Бүгін 1 маусым «Сәт сапар саған, Жас түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Концертте ән, би, 11 сыныптың соңғы қощтасу сөздері мен ата-аналар тіліктері болды. Салтанатты сап түзеу барысында мектеп өміріне белсене қатысқан, жыл бойы пән олимпиадаларынан жүлделі орындар иеленген Казиева Айгерім Серикжановнаны, Умбетова Жайнагуль Макеновнаны, Умерзакова Жанар Толегеновнаны, Альбаева Айгуль Кенесовнаны, Баймуканова Асем-Жулдыз Ашкеновнаны, Курмангалиева Алия Базаркановнаны, Жанибекова Самал Жанибекқызын марапаттап, ақшалай сыйақы ұсынылды. Мектеп директоры Р.К.Нуртазинова түлектерге тілегін айтты. Мектеп бітіруші түлектер, вальс биледі, шар ұшырды. 2022-2023 оқу жылының соңғы қоңырауын соғу құрметі, оқу үздігі, алтын белгі үміткері 11 сынып оқушысы Амантаева Альмира мен 1 ә сынып оқушысы Жанат Есмұхан мен 1 а сынып оқушысы Түлен Бекалиға берілді.

Қосымша ақпарат көздері