«№3 Смирново орта мектебі» КММ шілденің 24 мен 28 аралығында  «Саржайлау» жазғы сауықтыру лагерінің есебі.

#Balademalys2023

Бүгін 24.07.2023жыл “№3 Смирново орта мектебі “ жанындағы «Саржайлау» сауықтыру алаңының V-ауысымының 1-ші күні өтті. Сауықтыру алаңы жоспар бойынша жұмыс жасады. Жоспар бойынша:

1. Балаларды қабылдап алғаннан кейін сәлемедесу тренингі және таңғы жаттығулар жасады.

2.Оқушылар қауіпсіздік ережелермен таныстырылып, қол қойды.

3.«Бақытты балалық шақ» тақырыбында суреттер салып, көрме ұйымдастырылды.

4.Аудандық стадионда әртүрлі спорттық ойындар ойнады.

Бүгінгі күнді қызықты, көңілді өткізді. Балаларға өте ұнады.

https://www.facebook.com/smirnovskaysh.smirnovo.1/posts/pfbid02zjFMhUvtog5pZ61JW1EyLfe2MUSdg5Sr17iE1zWCvqhF6ZvafvBgxvCm4hHzu7Bjl

#Balademalys2023                   

Бүгін 25.07.2023жыл “№3 Смирново орта мектебі “ жанындағы «Саржайлау» сауықтыру алаңының 5 ауысымының 2-ші күні өтті. Жоспарға сәйкес сауықтыру алаңы жұмыс жасады. Таңғы жаттығудан кейін шығармашылық жұмыс жасады . «Музыка бізді біріктірді»тақырыбында ән айтты. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, таза ауада «Спорт-денсаулық кепілі» спорттық ойындар ойнады. Балалар бүгінгі күннен жақсы әсер алды.

https://www.facebook.com/smirnovskaysh.smirnovo.1/posts/pfbid02wtfjp4YXkcWESWKyipRnNyzpf5ryNQtBzaDMZ6EgotoT8CCR9tPbd73XEiukjKZil

#Balademalys2023

Бүгін 26.07.2023жыл “№3 Смирново орта мектебі “ жанындағы «Саржайлау» сауықтыру алаңының 5 ауысымының 3-ші күні өтті. Жоспарға сәйкес сауықтыру алаңы жұмыс жасады. Таңғы жаттығудан кейін аудандық кітапхана, мұражайларға бардық . Аудандық кітапханада «Жұбын тап», “Шахмат”ойындарын ойнады.Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, білімдерін толықтырды.

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, таза ауада спорттық ойындар ойнады. Балаларға бүгінгі күнді өте қызықты және көңілді өткізді.

https://www.facebook.com/smirnovskaysh.smirnovo.1/posts/pfbid05jy4ECCB9gn4Ba9vXhMZmkYPd7CPZb9xc5zrSZwHDqfSY9bAqAW1MdyZGZKBFRGel

#Balademalys2023

Бүгін 27.07.2023жыл “№3 Смирново орта мектебі “ жанындағы «Саржайлау» сауықтыру алаңының 5 ауысымының 4-ші күні өтті. Жоспарға сәйкес 4 “А,4”Ә”сынып оқушылары және сынып жетекшілері Альжанова Б.М., Сматаева Ж. Т. бірге қаланың тарихи мұражайларға экскурсия жасадық.

Қаламыздың тарихи маңызды жерлерінің жоспар бойынша:

1. “Ботаникалық бақ.

Қазақстандағы ең көне ботаникалық бақ Петропавл қаласында орналасқан. 110 жылдық тарихы бар оранжерея. Ботаникалық бақтың әр жан-жануарлармен, құстармен, жәндіктермен, өсімдіктермен толықтырған. Әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген ағаштар бар. Кейбірінің атауын да бұрын естіп көрмеген едім. Тасбақа мен қояндар, тағы басқа тірлішік иелері де бар. Ботаникалық бақта балалар қызықты мағлұматтар алды.

2. Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайын тамашаладық. Мұражайдағы көрме қойылымдарының саны 350 мың экспонаттан асады. Олар ежелгі дәуірлерден бергі біздің қазіргі заманымызға дейінгі әртүрлі тарих кезеңдеріне арналған мұражайдың 13 залдарында орналастырылған экспонаттарды, фотоматериалдар көрді. Балалар тарихи-өлкетану мұражайында көптеген жаңа білім алды.

3.”Абылай хан резиденциясы” мұражайлық кешені- тарихи ескерткіш.Оқушылар Абылайханның балалық шағы,хан тағына отыруы мен артынан қалған мұраларын мұқият тыңдады. Келесі кезекте Абылайдың тынығу бөлмесі. Бөлмеде бірнеше жәдігерлер қойылған. Ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, үстел, түкті-түксіз тоқыма кілемдер, жез құман, киім-кешек, сандықтар қойылып, үйдің ішкі көрінісі бейнелеген. Резиденцияның дәл ортасында тұрған Абылайхан суретіне де қай қырынан қарасаң да саған қарап тұрғандай болды. Балалар өте тамаша әсер алды.

Осындай экскурсиялық іс-шарамызда оқушылар өзіндік білімін толықтырып, керемет әсер алды.Ата-аналар осындай экскурсияға бару үшін қолдау көрсеткен мектеп әкімшілі мен аудандық білім бөліміне алғысын білдірді.

https://www.facebook.com/smirnovskaysh.smirnovo.1/posts/pfbid0RrfAjJ2WvVzBBbHHtMwCHaqrFn8UqTdpU35sAeTWuzdMh15F786u72woF615QVHil

#Balademalys2023

Бүгін 28.07.2023жыл “№3 Смирново орта мектебі “ жанындағы «Саржайлау» сауықтыру алаңының 5 ауысымының 5-ші күні өтті. Жоспарға сәйкес сауықтыру алаңы жұмыс жасады. Таңғы жаттығудан кейін “Шахмат”, “Тоғызқұмалақ” ойындарын үйренді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, табиғат аясында пикник жасадық. Таза ауада “Қағып ал”, “Ақсерек пен көксерек”, “Волейбол” т.б. ойындарын ойнады.

Балаларға бүгінгі күн қатты ұнады. Ерекше әсер алды.

бастауыш сынып мұғалімі:Альжанова Балкия Меирбековна

https://www.facebook.com/smirnovskaysh.smirnovo.1/videos/255758473878630

Қосымша ақпарат көздері