“Жазғы демалыстағы саяхат”

#Balademalys2023

27.07.2023жыл “№3 Смирново орта мектебі “ жанындағы «Саржайлау» сауықтыру алаңының жоспарға сәйкес 4 “А,4”Ә”сынып оқушылары және сынып жетекшілері Альжанова Б.М., Сматаева Ж. Т. бірге қаланың тарихи мұражайларға экскурсия жасады.
Қаламыздың тарихи маңызды жерлерінің жоспары бойынша:
Бірінші- Ботаникалық бағына саяхатты бастады.Қазақстандағы ең көне ботаникалық бағы 110 жылдық тарихы бар оранжерея. Ботаникалық бақтың әр жан-жануарлармен, құстармен, жәндіктермен, өсімдіктермен толықтырған. Әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген ағаштар бар. Кейбірінің атауын да бұрын естіп көрмеген едім. Тасбақа мен қояндар, тағы басқа тірлішік иелері де бар. Ботаникалық бақта балалар қызықты мағлұматтар алды.

  1. Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайын тамашаладық. Мұражайдағы көрме қойылымдарының саны 350 мың экспонаттан асады. Олар ежелгі дәуірлерден бергі біздің қазіргі заманымызға дейінгі әртүрлі тарих кезеңдеріне арналған мұражайдың 13 залдарында орналастырылған экспонаттарды, фотоматериалдарды көрді. Балалар тарихи-өлкетану мұражайында көптеген жаңа білім алды.
    3.”Абылай хан резиденциясы” мұражайлық кешені- тарихи ескерткіш.Оқушылар Абылайханның балалық шағы туралы, хан тағына отыруы мен артынан қалған мұраларын мұқият тыңдады. Келесі кезекте Абылайдың тынығу бөлмесінде бірнеше жәдігерлер қойылған. Ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, үстел, түкті-түксіз тоқыма кілемдер, жез құман, киім-кешек, сандықтар қойылып, үйдің ішкі көрінісі бейнелеген. Резиденцияның дәл ортасында тұрған Абылайхан суретіне де қай қырынан қарасаң да саған қарап тұрғандай болды. Балалар өте тамаша әсер алды.
    Осындай экскурсиялық іс-шарамызда оқушылар өзіндік білімін толықтырып, керемет әсер алды.Ата-аналар осындай экскурсияға бару үшін қолдау көрсеткен мектеп әкімшілі мен аудандық білім бөліміне алғысын білдірді.

Қосымша ақпарат көздері