«№3 Смирново орта мектебі» КММ

Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша ақпарат

Оқушыларға  жазғы демалысты ұйымдастыру  мақсаты: Жазғы мезгілде оқушылардың демалысы мен денсаулығын жақсартуды ұйымдастыру. Оқушылардың қарым-қатынас дағдысы мен шығармашылық ойлауды дамыту және нығайту.Әрбір оқушыны жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету.

Оқушыларды жазғы демалысқа шығарар алдында  «Бала  тәрбиесі  баршамызға ортақ» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жазғы демалысты ұйымдастыру, жазғы демалыстағы қауіпсіздік, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу сұрақтары қарастырылды, ата-аналарға жадынамалар таратылды. Мектебімізде «Саржайлау»  сауықтыру алаңы жұмыс жасайды. Жаз мезгілінде  бастауыш сыныптар мен орта буындағы 80 оқушы осында демалады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыдағы 42 бала тегін және 4 оқушы ақылы аудандық «Оқжетпес» лагерінде демалады. Республикалық көлемінде 2 үздік оқушымыз «Эдельвейс» лагерінде тегін демалып жатыр. Сонымен қатар оқушыларымызды Петропавл қаласына топсаяхатқа апардық.  Оқушылар ата-аналарымен еліміздің үлкен қалаларына барып демалып жүр.

Қосымша ақпарат көздері