«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы № 3 Смирново  орта мектебінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын “Мектепке жол” қайырымдылық акциясын өткізу жыл сайынғы игі дәстүрге айналған. Ендігі кезекте материалдық көмек көрсету үрдісі аталған акцияны өткізу кезеңімен шектелмей, жыл көлемінде жалғасатын болады. Бұдан былай, «Мектепке жол» акциясы 2 ай ғана емес, жыл бойы іске асатын болады. Енді балаға бір рет қана емес, жылдың әр мезгілінде қажетті құрал-жабдықтар алуына көмектесуімізге мүмкіндік болады.

Кез келген істі басқаға айтпас бұрын, алдымен, өзіміз үлгі болуымыз керек деген оймен акцияны өзімізден бастадық. Смирнов № 3 орта мектебінің ұжымы 42 000 (қырық  екі мың ) теңгеге көпбалалы жеті отбасы оқушыларына мектепке қажетті оқу –құралдарын сыйға тартты.

Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді Жоспар негізінде бекітілген мөлтекаудан бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды.

Мектептің әлеуметтік педагогы А.Ө. Бигожин және сынып жетекшілері Смирнов ауылдық округі учаскелік полиция инспекторымен бірге мектеп оқушыларының кешкі режимді бұзуын анықтау мақсатында рейдтер жүргізді.

Құрметті халайық «Мектепке жол» акциясы жыл бойы жалғасады. Мемлекеттік қызметкерлерді, бизнесмен-меценаттарды және баршаңызды осы акцияға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Жақсылық жасайық, жамағат!

Қосымша ақпарат көздері