1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» мерекелік іс-шара

Қымбатты ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Сіздерді 2023-2024 жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
2023 жылдың 1 қыркүйек күні №3 Смирново орта мектебінде 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Сыңғырла алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті.
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойына білімнің басымдылығы мен маңыздылығы, жағымды көңіл-күйі мен оң көзқарастары қалыптасты.
Білім беруді дамыту мәселесі қоғам мен мемлекетті өркендету саясаты болып табылады.
Мектеп директоры Нуртазинова Райса Кенесовна 1- қыркүйек күнімен құттықтай отырып,барлық мектеп оқушыларына ізгі ниетін білдірді!
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, жаңа жасалым, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!
Алғашқы қоңырау соғу құрметі 11-сынып оқушысы Биболсын Нұрсұлтан және 1-сынып оқушысы Артық Талшынға тапсырылды.
Алғашқы қоңырау салтанатынан кейін 1-11 сыныптарда «Мектебім- мейірім мекені » тақырыбындағы алғашқы білім сабақтары өткізілді.

Қосымша ақпарат көздері