2023 жылдың 13 қыркүйек күні мектебімізде тілдер шеруі онкүндігі аясында 9-сыныптар арасында «Полиглот» атты интеллектуалды сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып танымдық көзқарастары мен тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. I-кезеңде оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен сұрақтар қойылып, білімдері тексерілді. II-кезеңде оқушылар сөйлемдегі жасырын сөзді тауып, оны үш тілге аударды. III-кезеңде оқушылар берілген жұмбақтың жауабын үш тілде айтты. Ал соңғы IV-кезеңде мақал – мәтелдің қазақша және орысша баламасын айтты. Сайыс өте мазмұнды өтті, оқушылар өткен тақырыптарды сайыс барысында қайталап, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) сөйлеу дағдысын дамытты, жүйелі білімдерінің нәтижесін көрсете білді.