«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тілдер шеруі онкүндігі аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сапарова А.М. «Полиглот» интеллетуалды сайысын өткізді.

2023 жылдың 13 қыркүйек күні мектебімізде тілдер шеруі онкүндігі аясында 9-сыныптар арасында «Полиглот» атты интеллектуалды сайысы өтті. Мақсаты: оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып танымдық көзқарастары мен тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. I-кезеңде оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндерінен сұрақтар қойылып, білімдері тексерілді. II-кезеңде оқушылар сөйлемдегі жасырын сөзді тауып, оны үш тілге аударды. III-кезеңде оқушылар берілген жұмбақтың жауабын үш тілде айтты. Ал соңғы IV-кезеңде мақал – мәтелдің қазақша және орысша баламасын айтты. Сайыс өте мазмұнды өтті, оқушылар өткен тақырыптарды сайыс барысында қайталап, үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) сөйлеу дағдысын дамытты, жүйелі білімдерінің нәтижесін көрсете білді.

Қосымша ақпарат көздері