«Бізді ақылды ететін кітап- дана» атты кітаптар керуені

№3 Смирново орта мектебінің кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жоба аясында  4 сынып оқушыларымен «Кітап – білім бұлағы» тәрбие сағаты және «Бізді ақылды ететін кітап -дана» кітаптар керуені  ұйымдастырылды.
Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімінің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Кітап – қоғамның рухани күштерін дамытудың қуатты құралы, мәдениеттің қайнар бұлағы, оның өзекті саласының бірі. Рухани мөлдірліктің, биік парасаттың, асқақ адамгершіліктің, арқалы ойдың қоймасы. Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз, одан қымбат мұра жинаймыз, тәжірибеге кенелеміз.

Қосымша ақпарат көздері