Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерекелер болады. 1 қазан күні сол мерекелердің бірі Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Аталған күні, ардагерлерімізге тиісті құрмет көрсетіп, еліміздің дамуы мен құрылуына орасан зор еңбек етіп, ерлік жасаған ардагерлерімізге  алғысымызды білдіреміз.

29 қыркүйек  күні біздің мектепте (№3 Смирнов орта мектебі) ардагерлерін де назардан тыс қалдырмады. Биылғы жылы мектеп  ұжымы зейнеткерлерімізге   тамаша концерттік бағдарлама дайындап, түскі ас ұйымдастырдық..Құрмет пен мейірім мерекесіне мектеп директорымыз  Нуртазинова Р.К барлық ардагерлерді  құттықтады. Сонымен қатар пакет табыстадық. Ардагерлердің сүйікті әндері ойналып,  оқушылар адагерлерге шын көңілдерімен жылы лебіздерін білдірді.Ардақты ардагерлеріміз өздерін жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке марқайып, алғыстарын білдірді. Барлық ардагерлерге жан жылуын, жақындарының қолдауын, денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!

Қосымша ақпарат көздері