«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз — қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз — тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Осыған орай Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында 5-ші қыркүйек №3 Смирново орта мектебінде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тілдер апталығының ашылу салтанаты өтті. Үш тілде өткізілген саптүзеуде тілге байланысты өлең-жырлар оқылып, мерейтой иелері аталып өтті. Қатысқан оқушылар мен ұстаздар онкүндіктің жоспарымен таныстырылды. Салтанатты іс-шараны қазақтың қара домбырасын күмбірлеткен ансамбль күймен тәмамдады.

Қосымша ақпарат көздері