Кітапті жан азық деп қанып іш

  17  қазан күні №3 Смирново орта мектебімізде «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» жоба негізінде  9 сынып оқушыларымен « Кітапті жан азық деп қанып іш» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: кітап адам өмірінде, оқырмандардың қалыптасуында ерекше орын алады. Соның ішінде балалардың,оқушылардың ой-өрісінің кеңеюіне,дамуына кітаптың қосар үлесі зор. Жасөспірімдерді күн санап технологияның дамыған заманында,интернет ақпарат кеңістігінде қалып қоймай «Кітап оқу-сән» кітапқа деген қызығушылығын ояту. Балалардың ой-өрісін дамытуда ең үлкен ұлы тәрбие құралы кітап екенін түсіндіру.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті.

Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» – деген еді Ғабит Мүсірепов.

Қосымша ақпарат көздері