Еңбек және экология ел амандығы

19.10.2023 жылы №3 Смирново орта мектебінде ТАЗАЛЫҚ БЕЙСЕНБІЛІГІ өтті.

Бейсенбілікке мектеп оқушылары, ұстаздары қатысты. Жастардың экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында жоспарлы түрде  

«Қоқыссыз әлем», «Біз табиғатты қорғаймыз» тақырыптарында сынып сағаттары өткізіліп, мектеп аланың қоқыстан тазартуға шықтық. Мектеп Парламенті «Экология және еңбек» фракциясының мүшелері  сынып бөлмелеріндегі өсімдіктерді суару, құрғақ жапырақтарды және сабақтарды алу, топырақтарды қопсыту жұмыстарын жүргізді.

Қосымша ақпарат көздері