«Ұлттық валюта -теңге» күні

Бүгін 15.11.23 күні «Ұлттық валюта» күніне орай 7 «ә» сынып оқушыларымен «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.

Міндеттері:

Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Дамытушылық: балалардың ақша туралы түсініктерін кеңейту, белсенділіктерін дамыту.

Тәрбиелік: балалардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Сабақ барысында оқушылар теңгенің шығу тарихы туралы ақпарат алып, алғашқы қағаз ақшаларда бейнеленген тарихи тұлғаларды анықтап айтты. Биыл ұлттық валюта-теңгеге 30 жыл толуына байланысты шығармашылық тапсырмада оқуыларға 30 мың теңгенің дизайнін жасау ұсынылды. Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен орындап шықты. Сынып жетекші: Сапарова А.М.

Қосымша ақпарат көздері