«Адал ұрпақ » ерікті клубының облыстық форумы

Бүгін 29.11.2023 күні Петропавл қаласында  «Адал ұрпақ» мектеп ерікті клубтарының «Жемқорлық індет, онымен күресу міндет» тақырыбында   облыстық форумы өтті.  «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары рухани-адамгершілік және азаматтық-отансүйгіштікте тәрбиелеу контекстінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған.

Осы форумға Аққайың ауданы мектептерінің ішінен  «№3 Смирново орта мектебі» оқушылары қатысты. Біздің  оқушыларымыз: Байдалы Риза, Түлен Бекмұхамед, Мейрамов Жан, Еслям Дильназ, Жумабаева Айнұр, Байтұрсын Бекарыс, Кабиденова Аружан, Кабиденова Аяужан, Сансызбаева Аяжан, Сұлтанғазы Саяжан мектептегі «Адал ұрпақ» ерікті клубының жұмысын жоғары деңгейде қорғап келді. Оқушыларға алғыс хат және сертификаттар табыс етіліп. тәтті сыйлықтар берілді. Оқушыларымызды құттықтаймыз!

« Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері, тек тәрбие мен білім алуымен шектеліп қана қоймай адал еңбекқорлыққа, ізгілік пен мейірбандылыққа, Отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйренеді. Мектеп жасындағы балаларды «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмысына белсендік тартуы еліміздің жарқын болашағына қосқан үлесі деп білеміз.

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Жайнагуль Умбетова

Қосымша ақпарат көздері