«Айгөлек» шағын орталығының Жаңа жылдық ертеңгілігі

Таңғажайып Жаңа жылдық мереке

біздің «Айгөлек» шағын орталығында 28.12.2023 жылы өтті! Дарынды сәбилеріміз Жаңа жылды мың бұралған бимен, жан тербетер өлең-әнмен, өзара ыстық қарым-қатынаспен қарсы алды!

Аяз Ата да сәбилерге шат күлкі мен бақытты сәт сыйлаған сан түрлі тартуларын ұсынды. Әр бала өз бойындағы ерекше қабілеттерін паш етіп, мерекелік қуанышқа кенелді.

Бақыт күлкісіне, жан шуағына, естен кетпес әсерлерге толы қайталанбас ғажап уақыт.

Әр күніміз дәл осындай қуанышты да жарқын болсын!

«Айгөлек» шағын орталығының ұжымы барлықтарынызды 2024 Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды!!!

Қосымша ақпарат көздері