Әжелер отырысы

Бүгін, яғни 04.01.2024 ж. № 3 Смирново орта мектебінде әжелер мектебінің мүшелерімен отырыс ұйымдастырылды.

Тақырыбы: Тәрбие отбасынан басталады

Мақсаты: Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру;

Жақсыдан жаман туады

Бір аяқ асқа алғысыз

Жаманнан жақсы туады

Адам айтса нанғысыз

Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-отбасының асыраушысы,қамқоршысы, тірегі деп білсек, ана-отбасының ұйтқысы, жылуы, шағуы, жақсы ана отбасына береке әкеліп жанұясын бақытқа бөлейді. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала-адамның бауыр еті» деген сөз бар. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, парасатты, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қадағалайды. «Бала – өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі» деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл блген. «Әрбір баланың мінез – құлқы ата-ананың жағымды іс –әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И.Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасында, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы.

Қорытынды: Құрметті әжелер ! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді күннің шуағына жазып, шапағын шашуға көмектесейік. Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуы ата-ана, ұстаз, жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев айтқан – бала тәрбиесі барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді.

«Мейірімділікті анадан,

Әдептілікті данадан үйрен» дейді халқымыз.

Бір біріне қамқор, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу және адамгершілікті мол асыл қаситтерді бойларына сіңдіру біздің міндетіміз екенін айта келіп пікір алмасу түрінде өткен ата-аналар жиналысымды тәмамдаймын.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.

Қосымша ақпарат көздері