Республикалық жетістік

Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасынан мектебіміз улкен жетістікке жетті. Бірінші кезеңге 22 оқушы қатысып, 6 оқушымыз облыстық кезеңге өтті. Облыста уздік нәтиже көрсеткен 2 оқушымыз республикалық кезеңге жолдама алды.

Олимпиаданың республикалық кезеңінен жартылыстану-математикалық бағыты бойынша мектепшілік атаулы олимпиадасына 22 окушы қатысты. 6 оқушы топты жарып, облыстық кезеңге өтіп, үздік нәтиже көрсеткен 2 оқушымыз Республикальқ кезеңге жолдама алған болатын.Олар 11-сынып оқушысы Биболсын Нұрсұлтан математика пәнінен және 10-сынып окушысы Бейсенбек Рауза қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінен. Екі оқушымызда Республикальқ олимпиададан жоғары нәтиже көрсетті. 10-сынып оқушысы Бейсенбек Рауза- республика бойынша 2-ші орынға ие болса, 11-сынып окушысы Биболсын Нұрсұлтан 3-ші орынды иеленді. Ұстаздарының еңбегін ақтап, мектебіміздің туын көтерген шәкірттерімізді мақтан тұтамыз. Әріптестеріміз Айгерім Серікжанқызымен ,Асем-Жұлдыз Ашкеновнаны тамаша нәтижелерімен кұттыктаймыз!!!

Оқу ісінің меңгерушісі А.Б. Бекмурзенова

Қосымша ақпарат көздері