Ата-аналарды педагогикалық қолдау

2024 жылдың 31 қаңтар күні ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы бойынша 7 «ә» сынып жетекшісі А.М. Сапарова «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері » атты тақырыпта ата-аналармен сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:

Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру.

Ата-аналар жасөспірімдердің интернет-ресурстарын пайдаланудағы «артықшылықтары» мен «кемшіліктер» туралы талқылау жүргізді. Сонымен қатар интернетте қандай қауіп-қатер түрлері бар екенін және жасөспірімнің мінез-құлқының белгілері мен ерекшеліктері, «интернетке тәуелділік» себептері туралы талқылау жүргізілді.

Ата-аналарға балаларға қатысты өсиеттер мен кеңестер, «интернетке тәуелділіктен» арылудың негізгі жолдары туралы айтылды.Сабақты соңында тек шынайы мейірімді қарым-қатынас баланы нағыз қиындықтардан уақытында қорғауға мүмкіндік береді, отбасында қамқорлық пен өзін құнды және қажетті сезінетін бала желіде қарым-қатынас іздемейді деген қорытынды жасалды.

Қосымша ақпарат көздері