«Мамандықтың бәрі жақсы»

«Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ» – деп, мектебіміздің даярлық сыныбында «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру. Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу. Балалар ата-аналарының мамандықтары туралы айтты, үстел үстінде дидактикалық ойындар ойнады: «Жұмыс істеу үшін не қажет?», «Кім не істеді?», «Шаштараз», «Дәрігердің қабылдауында», «Автобуспен сапар» сияқты сюжеттік-рөлдік ойындар ойнады .

Қосымша ақпарат көздері