«Аяулы анашым» ертеңгілігі

06.03.2024 жылы «Айгөлек» шағын орталығында «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, Аяулы анашым» атты ертеңгілігі өтті.

Ертеңгіліктің міндеттері-

– ұлттық отбасы құндылықтарын балалардың бойына сіңіру;

– қайырымдылық көрсету, анаға, әжеге деген мақтаныш сезімін дамыту;

– балаларды жақын адамдарын (аналар, әжелер, әпкелер) жақсы көруге және құрметтеуге тәрбиелеу;

– музыка, бейнелеу өнері және көркем әдебиеттегі бейнені бекіту арқылы балалардың ана мен әженің өміріндегі рөлі туралы түсініктерін кеңейту.

Құрметті әріптестер,аналар,қыздар!

Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 — наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.

Игі тілекпен: «Айгөлек» шағын орталығының ұжымы!!!

Қосымша ақпарат көздері