Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің екінші күні

Қайырымдылық күні.

15 наурыз – «Қайырымдылық» күні. Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату,көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу,  баршаға  құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. 

Біздің қайырымдылығымыз мұқтаж жандарға көмектесу ғана емес, бұл қоғамның әрбір мүшесіне деген терең құрмет. Мейірімділік пен  жанашырлық бізді күшейтетінің мойындау. Қайырымдылық көптеген формаларда кездеседі, бірақ  оның мәні өзгеріссіз қалады.

Әрқайсымыз  қайырымдылыққа  өз үлесімізді қоса аламыз. Қайырымдылықтың үлкен немесе кішкентай екені маңызды емес. Ең бастысы жүректен шығуы маңызды.   

Аққайың ауданының әкімі Р. М.Елубаев  «№3 Смирново орта мектебі»  басшысына Р.К.Нуртазиноваға, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінен, «Қазақстан  халқына» қоғамдық қоры Наурыз мерекесі аясында өтетін «Қайырымдылық» күніне орай, балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету мақсатында  «QH Жаздық жолдама -2024» қайырымдылық жобасы  аясында 3 жолдама табыс  етті.

Қайырымдылық – бұл біздің халқымыздың жүрегі. Біздің мейірімділігіміз бен бір бірімізге деген қамқорлығымыздың көрінісі.  Қайырымдылыққа толы жүрек  одан әрі қатты соғып әрбір жанның  өмірін жарық пен  жылумен толтырсын.

Әлемді жақсарта отырып осы асыл дәстүрді бірге жалғастырайық.

https://www.instagram.com/p/C4h6P_qtkyH/?igsh=MTFnNXFibGZ0c2JhaQ==

@oqu_agartu_ministrligi

Қосымша ақпарат көздері