«7 мамыр -Отан қорғаушылар» және»9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелеріне орай ұйымдастырылған 5-10 сыныптар арасында мектепішілік саптық жаттығу байқауы

4-мамыр №3 Смирново орта мектебінің алаңында «7 мамыр -Отан қорғаушылар» және»9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелеріне орай ұйымдастырылған 5-10 сыныптар арасында мектепішілік саптық жаттығу байқауы өтті.

Мақсаты: Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Байқау қорытындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында 1 орын – 5″а» сынып, 2 орын -5 «ә» сынып, 3 орын – 6 сынып оқушылары иеленді. Ал 7-8 сыныптар арасында 1 орын – 7″ә» сынып, 2 орын -8 сынып, 3 орын – 7 «а» сынып оқушылары иеленді. 10-сынып оқушылары үлгілік саптық жаттығуды көрсетті. Барлық сыныптар мадақтамалармен марапатталды. «Үздік командир» номинациясы бойынша 5″а» сынып оқушысы Талғат Мәди және 8-сынып оқушысы Түлен Бекмұхамед марапатталды.

Қосымша ақпарат көздері