“Саржайлау” жазғы сауықтыру алаңының І ауысымның 4 күні

Бүгін 06.06.2024 жылы #3 Смирново орта мектебі жанындағы «Саржайлау» жазғы сауықтыру алаңының І ауысымы 4-күні өтті.Сауықтыру алаңы жоспарға сәйкес жүргізілді. Оқушыларды қарсы алып, таңғы бой жазу жаттығулар жасадық.»Арқан тарту» ойыны өткізілді. Қазақ ертегілерін көріп, ертегілердің кейіпкерлірін сомдады.»Еркетай» шығармашылық байқауда оқушылар сурет салып, ән айтты.»Қауіпсіз жаз» тақырыбында атты оқушылармен жаз мезгіліндегі қауіпсіздік туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Әңгімелесу барысында балаларға бейтаныс адамдармен сөйлеспеуге және серуендеуге болмайтынын, су айдындарында өзін-өзі ұстау, велосипедпен жүру ережелері, отпен ойнаудың қауіпсіз еместігі түсіндірілді. Балалар жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін жолда өздерін қалай дұрыс ұстау керектігін айтты. Оқушыларға әңгіме соңында жадынамалар тараталды.

Қосымша ақпарат көздері