Салтанатты саптүзеу

№3 Смирново орта мектебінде Желтоқсанның 14-і күні «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» күніне орай салтанатты саптүзеу өткізілді. Мемлекеттік гимні орындалып, оқушылар өлең-жырларын оқыды. Парламент мүшелері флешмоб биледі. Тәуелсіздік күні қарсаңында 5-сынып оқушыларын мектепішілік «Шаңырақ» ұйымына қабылдады. Мектеп директоры Райса Кеңесқызы мен мектепішілік Парламент президенті Ахмет Ақбота оқушылардың мойнына галстук байлап, шығармашылық табыс пен ақ жол тіледі.

Қосымша ақпарат көздері