«Адал ұрпақ» клубтары белсенділерінің аудандық слеті өтті

Бүгін, 8 желтоқсанда №3 Смирново орта мектебінде «Адал ұрпақ» клубтары белсенділерінің аудандық слеті өтті. Балауса ансамблі қонақтарды қарсы алды. Келген аудан мектеп оқушылары 3 топқа бөлініп, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жағдаяттар ұсынылды. Оқушылар осы тапсырмаларға бас қатырып, өздеріне жүктелген міндеттерді балалықпен емес, бар салмақтылықпен шешті. Олар толық, сауатты, жан-жақты жауап берді. Ал 1-ші – 3-ші мектеп дайындаған флешмоб, үгіт-насихат тобы ақпараттық мазмұнымен балаларды баурап алды. Флешмобқа 9-10 сынып оқушылары қатысты. Смирново мектеп – гимназиясының оқушылары сахналық көрініс дайындады. Қонақта Аққайын аудан білім бөлімінің әдіскері Р Б Каримова мен Уразымбетова АК Аққайын ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы қатысты. Ұйымдастырып өткізген іс-шарамыз жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар өздерінің алғыстарын білдірді.

Слет соңында жемқорлық тақырыбында ұсынған бағдарламаларды дайындаған мектептерге алғыс хат берілді.

Қосымша ақпарат көздері